Кеңестің кезекті отырысында өңірдегі жастар саясатының өзекті мәселелері жан-жақты қаралып, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер белгіленді.

Отырыс барысында үш негізгі бағытқа басымдық берілді. Атап айтқанда, жастарды қолдау бойынша қалалық кеңестің жылдық жоспары таныстырылып, бекітілді. Сонымен қатар, талантты жастарды қолдау және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған жұмыстардың барысы талқыланды. Бұдан бөлек, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум аясында жалпыұлттық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі кеңінен қамтылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Жастар ресурстық орталығы КММ директоры Жансерік Бауыржанұлы мен №1 Talant мектебінің директоры Рахат Ердаулетұлы баяндама жасап, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар туралы нақты мәліметтер ұсынды.

Кеңес отырысын қалалық мәслихат депутаты, кеңес төрағасы Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы жүргізіп, ұсынылған бастамаларға тоқталып, олардың тиімді жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, бірқатар маңызды бастамалар қолдау тапты.

Отырыс қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелер тұрақты бақылауға алынып, жастарды қолдау бағытындағы жұмыстарды жүйелі әрі нәтижелі жүзеге асыру міндеті қойылды.