Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауаттылықты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» атты интеллектуалдық сайыс жоғары деңгейде өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Аталған сайысқа қала басшылығы мен құқық қорғау, білім беру және қоғамдық ұйымдардың өкілдері арнайы қатысып, жастарға қолдау білдірді. Қонақтар қатарында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Мейрамбекұлы Каримов, Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма басшысының орынбасары Бекжан Құлатаев, Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшы орынбасары Даулеткелді Амангелдіұлы Абдраманов, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі Алмаз Манатұлы, Төтенше жағдайлар департаментінің басшы орынбасары Сергей Афанасьевич Огай, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, “Auyl” партиясының Шымкент филиалының төрағасы Ғани Қарабеков, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің проректоры Ғани Бесбаев, Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Бердіқұл Қадірқұлұлы Садықов, Мирас университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Валида Илашбаевна Султанова, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Мадина Айдарқызы Турабек болды.
Интеллектуалдық сайыс 3 кезеңнен тұрды. Сайыс барысында әртүрлі салада белсенділік танытып жүрген жастардан құралған 14 команда қаржылық сауаттылық, құқық және тарих бағыттары бойынша өз білімдерін сынға салды. Қатысушылар логикалық ойлау, жылдамдық және командалық үйлесімділік бойынша жоғары деңгей көрсетті.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздар арнайы жүлделермен марапатталды:
1 орын – “Көшбасшылар” тобы (300 000 теңге);
2 орын – “Жастар комитеті” тобы (200 000 теңге);
3 орын – “Ауыл жастары” тобы (100 000 теңге).
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен кубоктар табысталды.