Шымкент қаласында жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу – 2026» атты қалалық жұптар байқауы жоғары деңгейде өтті. Іс-шараны Орталық Азия Инновациялық университеті ұйымдастырып, «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты қолдау көрсетті.
Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында адал махаббат, сыйластық, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында қатысушы жұптар 5 кезең бойынша сынға түсіп, өз өнерлерін, тапқырлықтарын және бір-біріне деген үйлесімділіктерін көрсетті. Сайыс кезеңдері:
- Таныстыру
- Білім және руханият
- Шығармашылық пен өнер
- Дефиле – қазақы образ
- Байқауды қорытындылау
Байқауға қаладағы 6 жоғары оқу орнынан 6 жұп қатысып, тартысты додада бақ сынады.
Қазылар алқасының құрамында:
- Орталық Азия Инновациялық университетінің әлеуметтік даму және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұрлан Шахизиндаұлы Хайдаров;
- Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысыАқбота Бихожақызы Оспан;
- «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер Аманаты» комиссиясының төрайымы Шунгараева Гүлайым Аскерқызы;
- Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ресми өкілі Әлжан Аружан Русланқызы;
- Кеш демеушісі әрі жобалар ұйымдастырушысы JAKE TAU.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:
- I орын– Айбек пен Аида (М. Әуезов атындағы ОҚЗУ);
- II орын– Муслим мен Анеля (Орталық Азия Инновациялық университеті);
- III орын– Мараби мен Мөлдір (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы).
Аталған шара жастардың басын қосып, ұлттық мерекенің мәнін терең түсінуге, салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған маңызды алаңға айналды.