Шымкент қаласында Шинкиокушинкай каратэден балалар, жасөспірімдер және жастар арасындағы «SHYMKENT OPEN – 2026» ашық республикалық турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Аталған турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысып, татами төрінде өзара мықтыларды анықтады. Жарыс барысында қатысушылар батылдықтарын, шеберліктерін және жеңіске деген жігерін көрсете білді.
Турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық рухты қалыптастыру және болашақ чемпиондарды анықтау болды.
Іс-шара Шымкент қаласының әкімдігі, «AMANAT» партиясы, «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Шинкиокушинкай каратэ федерациясының қолдауымен өтті.
Жарыс аясында бірқатар спортшылар дан дәрежелерімен марапатталып, сала дамуына үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар табысталды.
🔥 SHYMKENT OPEN – бұл тек жарыс емес, бұл – рух пен мінездің мектебі!
🔥 Бұл – болашақ чемпиондардың алғашқы қадамы!
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда жеңіс тілейміз!