Испания Королі VI Фелипе Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем чемпионатындағы жеңісіне байланысты жолдаған құттықтауы үшін алғыс білдірді.
Корольдің алғыс хатында Қазақстан Президентіне көрсеткен ықыласы мен жылы лебізі үшін шынайы ризашылық білдірілген. Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастардың маңызын атап өткен Испания Королі Қазақстан тарапының Испанияның спорттағы маңызды жетістігіне оң көзқарасын жоғары бағалаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Испания құрамасының әлемдік додадғы жеңісін құттықтап, испаниялық футболшылардың жоғары шеберлігі мен жеңіске деген жігерін атап өткен болатын. Президенттің құттықтауы екі ел арасындағы өзара құрмет пен достықтың жарқын көрінісі ретінде қабылданды.
Өз кезегінде VI Фелипе Қазақстан Президентіне ел игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен зор жетістіктер тіледі. Сондай-ақ Испания Королі Қазақстан халқына бейбітшілік, әл-ауқат және өркендеу жөніндегі жылы лебізін жеткізді.
Қазақстан мен Испания арасындағы байланыстар саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалар бойынша дамып келеді. Екі мемлекет халықаралық аренада өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және достық қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделі.
Мемлекет басшысына жолданған алғыс хат Испания тарапының Қазақстанмен арадағы өзара түсіністік пен достыққа беретін маңызын көрсетеді. Спорт саласындағы жетістіктерге байланысты өзара құттықтаулар мен жылы лебіздер халықтар арасындағы байланыстарды нығайтып, елдер арасындағы ізгі қарым-қатынастардың дамуына ықпал етеді.
VI Фелипенің алғыс хаты Қазақстан мен Испания арасындағы достық сипаттағы қатынастардың жоғары деңгейін айғақтай отырып, екіжақты ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жаңа мазмұнмен толыға түсетініне сенім білдіреді.