Білім – ел дамуының берік негізі. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті, білімді әрі жауапты ұрпақ қалыптастыру – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Себебі мемлекеттің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың алған біліміне, тәрбиесіне және азаматтық ұстанымына тікелей байланысты.

Жаңа оқу жылы оқушылар мен студенттерге тың мүмкіндіктер, жаңа жетістіктер мен үлкен ізденістер кезеңін ашсын. Әрбір білім алушы өз қабілетін шыңдап, таңдаған бағыты бойынша биік белестерді бағындыруға ұмтылсын.

Бұл күні ұстаздардың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Ұстаз – шәкіртке білім беріп қана қоймай, оның тұлға ретінде қалыптасуына жол көрсететін, өмірлік бағыт-бағдар беретін абзал маман. Ұстаздардың кәсіби білімі мен қажырлы еңбегі елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға қызмет етеді.

Ата-аналар үшін де жаңа оқу жылы – перзентінің жетістігіне қуанып, оның тәрбиесі мен біліміне жауапкершілікпен қарайтын маңызды кезең. Бала тәрбиесі мен сапалы білім беру ісінде отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығының маңызы зор.

Барша оқушыларды, студенттерді, ұстаздар мен ата-аналарды Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа оқу жылы білімге деген құштарлықты арттырып, толағай табыстар мен жарқын жетістіктерге бастасын! Әр шаңыраққа амандық, ұстаздарға шығармашылық шабыт, ал білім алушыларға биік мақсат пен мол мүмкіндік тілейміз!

Білім күні құтты болсын!

С Днем знаний! Пусть новый учебный год станет временем новых знаний, добрых начинаний, ярких достижений и больших побед!