«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ ТЕМІРЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған тұйықталған теміржол желісінің құрылысы аяқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков атқарылған жұмыстың нәтижесімен танысты.

Теміржолдың жалпы ұзындығы 6,4 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, мұнда теміржол төсемін салумен қатар, асфальт жабыны толық қалпына келтірілді.

Еске сала кетейік, Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика инфрақұрылымын дамытудың, теміржол желісін кеңейтудің және жүк тасымалының тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өткен болатын.

«Жұлдыз» индустриалды аймағында теміржол желісінің

Жаңа инфрақұрылым шикізат пен материалдарды жеткізуді, дайын өнімді жөнелтуді жеңілдетіп, индустриалды аймақтың логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Теміржол өндірістік алаңның әлеуетті инвесторлар үшін тартымдылығын арттырып, жаңа өндіріс орындарын орналастыруға және қаланың өнеркәсіптік мүмкіндігін дамытуға қосымша жағдай жасайды.

«Жұлдыз» индустриалды аймағында теміржол желісінің іске қосылуы өндірістік кәсіпорындардың көлік қатынасын оңтайландырып, жүк тасымалдау үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, кәсіпорындар қажетті шикізат пен өндірістік материалдарды уақытылы жеткізіп, дайын өнімдерін еліміздің өзге өңірлеріне және сыртқы нарықтарға тасымалдауға қолайлы жағдайға ие болады. Бұл өз кезегінде логистикалық шығындарды азайтуға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оң ықпал етеді.

Индустриалды аймақтың инфрақұрылымын жүйелі түрде жетілдіру – Шымкент қаласының экономикалық әлеуетін нығайтудың маңызды бағыттарының бірі. Заманауи инженерлік және көлік желілерімен қамтамасыз етілген өндірістік алаңдар жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын ашуға кең мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *