Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Сұлулық пен әсемдік, талант пен шығармашылықты тоғыстырған «Көктем аруы – 2026» байқауының финалы өтті.
Финалдық кезеңге іріктелген ең жарқын, ең нәзік 10 ару өз өнерлерін ортаға салды.
Қатысушылар сұрақ-жауап кезеңінде білімдері мен ой ұшқырлығын көрсетсе, шығармашылық кезеңде өздерінің таланттары мен шеберліктерін танытты.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде ең көп қолдауға ие болған қатысушыға «Көрермен көзайымы» номинациясы табысталды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей марапатталды:
1 орын — Тансұлу Батырханқызы (200 000 тг)
2 орын — Ақбота Құралбекқызы (100 000 тг)
3 орын — Сандуғаш Бегалықызы (50 000тг)
Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтармен қатар арнайы тәж табысталды.
«Көктем аруы – 2026» байқауы жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, олардың жан-жақты дамуына серпін беретін маңызды мәдени іс-шаралардың бірі болып табылады.