«Әділет» жастары «Оқырман ұрпақ» жобасын қолға алды

«Әділет» партиясының Жастар қанаты жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған «Оқырман ұрпақ» жобасын іске қосты. Бастама аясында жастар кітап клубтарына бірігіп, «Бір ай – бір кітап – бір кездесу» қағидаты бойынша ай сайын бір шығарманы оқып, бірге талқылайды.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамаларымен үндеседі. Негізгі мақсат – цифрлық технологиялар кеңінен таралған заманда жастардың кітапқа қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және еркін пікір алмасуға мүмкіндік беретін әдеби орта қалыптастыру.

Қазіргі таңда жобаға еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласынан шамамен 1500 жас қатысып отыр. Бұл бастаманың жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталғанын көрсетеді.

Жобаның алғашқы кездесулері Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында ұйымдастырылды. Батыс Қазақстан облысында кездесу Махамбет атындағы Батыс Қазақстан университетінде өтсе, Түркістан облысында «Оқырман ұрпақ» қозғалысының тұсаукесері «Altynsarin» Түркістан облыстық балалар кітапханасында өтті. Қатысушылар кітап оқудың маңызы мен оқу мәдениетін қалыптастыру жолдарын талқылады.

Түркістан облысында кітап талқылауларын интеллектуалды және танымдық іс-шаралармен ұштастыру жоспарланған. Атап айтқанда, жастар арасында Quiz ойындары, пікірсайыстар мен зияткерлік кездесулер өткізу көзделіп отыр. Мұндай формат қатысушылардың өз ойын жүйелі жеткізуіне, білімін жетілдіруіне және өзгенің пікірін құрметтеуіне мүмкіндік береді.

Шымкент қаласында да жоба аясында алғашқы кездесулердің бірі ұйымдастырылды. Жастар Жандарбек Бұлғақовтың «Сөз менеджменті» кітабын талқылап, шығарма мазмұны бойынша Quiz ойынына қатысты. Кездесу барысында қатысушылар кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, білімдерін сынады. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

«Оқырман ұрпақ» жобасы жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білімге құштар, ойы ұшқыр әрі белсенді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *