Авторские архивы: admin

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Рашид Мамытұлы Мыңбаев Шымкент қаласының әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. Рашид Мыңбаев 1981 жылы 11 сәуірде ОҚО Бәйдібек ауданы Шаян ауылында дүниеге келген. Білімі — жоғары, мамандығы-заңгер, экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. Рашид Мамытұлы еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау және жүйелеу басқармасындағы нормативтік-құқықтық актілерді кодификациялау бөлімінің жетекші маманы ...

Читать далее »

7 АЙДА 8 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

2020 жылдың қаңтар-шілде айында Шымкент қаласы әкімдігіне 8 711 арыз-шағым келіп түскен. Өтініштердің 950-нің мәселесі қанағаттандырылып, 8491-не жазбаша түсіндірме берілді. Оның ішінде жер қатынастары – 3986, карантин кезінде қалада жүріп тұруға рұқсат алу – 839, энергетика және коммуналдық шаруашылық – 314, баспана мәселесі бойынша – 302, әлеуметтік және жұмысқа орналастыру – 300, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары – 198, құрылыс ...

Читать далее »

ТЕКЕСУДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің қаладан шалғай орналасқан елдімекендерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданындағы Текесу тұрғын алабында инфрақұрылым мәселесі өз шешімін тапты. Анығырақ айтар болсақ, ағымдағы жылы аталған тұрғын алапқа шағал тас төселіп, 3 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал өткен жылы негізгі көшесіне демеушілер тарапынан жарық бағаналары орнатылған болатын. Бұған дейін тұрғындар электр және газ жүйесімен ...

Читать далее »

ЖЕТІ АЙДА 1500-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Бұл жөнінде қалалық құрылыс басқармасы мәлімдеді. Ағымдағы жылдың 7 айдың қорытындысымен 1 416 пәтерлі 20 кредиттік тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде, 8– әкімшілік-іскерлік орталығында, 12 – Шымкент сити шағын ауданында орналасқан. Тамыз айында Шымкент сити шағын ауданында 10,5 мың шаршы метрді құрайтын 160 пәтерлі 4 үй тапсырылады деп жоспарлануда. Биыл жалпы 612 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕН СЕНАТ ДЕПУТАТЫ БОЛЫП АЙГҮЛ ҚАПБАРОВА САЙЛАНДЫ

Бүгін елімізде ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау тағайындалған еді. Шымкентте бүгінгі саяси іс-шара барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып, жоғары деңгейде өтті. Сайлау учаскесінің кіреберісіне карантиндік сақтау шаралары ұйымдастырылды. Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, таңдаушылардың 18 дауысын иеленген Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып қайта сайланды. Сайлау комиссиясының хатшысы Болатбек ...

Читать далее »

2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН КӨШЕЛЕРГЕ 100 ПАЙЫЗ АТАУ БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер саласын дамыту масатында 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Онда 2022 жылға дейін қаланың құрамдас бөліктері мен атауы жоқ және қайталанатын көшелерге толығымен жаңа атау беру жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру барысында қаланың мәдениеті мен өнерін шетелдерге таныстыру үшін басқа өңір мекемелерімен ынтымақтастық меморандумдарын түзу қолға алынған. Бұл тұрғыда 2021 жылы «Түркі әлемінің Ұлттық ...

Читать далее »

ЖАСТАР – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Бүгін халықаралық жастар күні. Атаулы датаның маңызы жылдан жылға артып келеді. Жастар қоғамның қозғаушы күші. Өз білім-білігіне сенген жас қана өмірден өз орнын таппақ. Шымкент – жастар қаласы. Алып шаһарда жастар саялайтын, бір-бірімен тәжірибе алмасатын, өз біліктіліктерін дамытатын орындардың санын көбейту қажет. Ол – жастар саятындағы басым бағыттардың бірі. Таяуда қала әкімі волонтерлік және жастар ұйымдары басшыларымен кездесуде осыған назар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БАЙЛАНЫС АНТЕННАЛАРЫН ОРНАТАТЫН 11 ЖЕР ТЕЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев шаһарды цифрландыру бойынша өткен жиналыста қала әкімі Мұрат Әйтеновке баяндады. Әкімнің тапсырмасына сәйкес қалалық жер қатынастары басқармасы байланыс антенналарын орнату үшін 11 жер телімін бөліп, оларды заңдастыру туралы қаулы шығарды. А.Сәттібаевтың айтуынша, байланыс антеннасын орнатуды инвестор өз есебінен жүргізеді. Одан әрі ұялы байланыс операторлары өздерінің базалық станцияларын осы құрылғыға жалғайды. «Энергетика және тұрғын ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ 262 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов айтты. – Биыл құрылыс жұмыстарының көлемін 120 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Бүгінде оның 7 ай ішінде көлемі 52,2 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артты. Осы жылы Құрылыс басқармасы арқылы 154 нысанның құрылысы жоспарланған. Олар – 92 тұрғын үй, 34 инженерлік инфрақұрылым, 13 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 79 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫНҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің көпқабатты тұрғынүйлердің қасбетін жаңарту бойынша берген тапсырмасы өз шешімін тауып жатыр. Қала әкімі Шымкент — ТМД елдерінің астанасы аясында қаланың негізгі орталық көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жөндеуді тапсырған болатын. Атқарылып жатқан жұмыстар толығымен аяқталар болса, шаһардағы 79 көпқабатты тұрғынүйдің сырты жаңа келбетке ие болады. Әкім тапсырмасының орындалуы және құрылыс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар ...

Читать далее »