Рухани жаңғыру

ШЫМКЕНТТЕ «DOMBYRA PARTY» ӨТТІ

Шымкенттегі Арбат демалыс аймағында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы және Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Dombyra party» мерекелік іс-шарасы өтті. Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұлттық аспап арқылы ұлттық мәдениет, өнер туындыларын, Қазақстан халқының рухани құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын және тарихқа деген құрметті насихаттай отырып, Қазақстанның әрбір азаматының рухани ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызын қабылдады Кездесу барысында еліміздегі опера өнері мен мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды. Президентке Шымкентте қалалық опера және балет театрының жаңа ғимаратын салу жоспары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар Майра Мұхамедқызы Президентке өңірдегі опера және театр өнерін дамыту жұмыстары, сондай-ақ жас әншілерді, театр және балет әртістерін оқыту ...

Читать далее »

ҚАРТТАРЫМ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Қарияларымыз – қазынамыз деген аманаттықтар ардагерлердің жағдайын сұрап, оларға көңіл бөлуді өз борышымыз деп қабылдап келеді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы арқылы партияластарымыз үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, қарттардың халін сұрап, көңіл бөлуді өзгелерге үлгі етуде. Бүгін партияның жастар қанаты Ұлы Отан соғысының ардагері Мосунова Нина әжейдің шаңырағына барып, үй шаруасына көмектесті. Жасы жүзге таяған қарт ана Нина Мосунова- Ұлы Отан соғысының ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ АҚ ОРАМАЛДЫ ДӘРІПТЕП ЖҮР

Халқымызда ақ орамалдың орны ерекше. Осы орайда, өңірде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім” мекемесінің қолдауымен және Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің атсалысуымен «Ақ орамал» акциясы ұйымдастырылды. Қазақ қоғамы үшін ақ жаулықты ананың рөлі қашанда жоғары. Айналаға аналық мейірім-шапағаттың нұрын сепкен, ұрпаққа тәлім мен тәрбие берген акцияның мәні де, маңызы да ерекше. ҚХА жанындағы Түркістан облыстық Аналар кеңесінің ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЕСКІ ҚАЛАШЫҚ АУМАҒЫНДА SHYMQALA ЭТНОАУЫЛЫ АШЫЛДЫ

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде үшінші мегаполисте «ShymQala» этноауылы ашылды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы аясындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиналған көпшілік алдымен Тәуелсіздік саябағында көшеттер екті. Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы құрметіне 70 көшет отырғызылды. Бұдан кейін көпшілік этноауылдың ашылуына қатысты. Әкім ...

Читать далее »

ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАЛҒЫЗ «ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР» ОРТАЛЫҒЫ — ШЫМКЕНТТЕ

Еліміздегі жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы Шымкент қаласында орналасқан. Дәстүрімізді дәріптеп, киелі құт орынға айналған бұл орталық 2014 жылы ел игілігіне берілген. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаға жасаған іссапары кезінде ашылуына арнайы қатысқан. Бұл мекеме республиканың өзге өңірлері мен облыстарында жоқ бірегей, ұлттың ұлт екендігін танытатын, оның өткені мен бүгінін сабақтастыратын орталық болып табылады. Мұнда салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және ...

Читать далее »

КІТАП ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРАДЫ

Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні аясында Шымкенттік химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі дәстүрлі кітап сыйлау акциясын өткізді. Акцияда оқушылар бір-біріне кітап сыйлап, жүрекжарды ак тілектерін арнады. Биылғы акцияға тек зияткер оқушылар ғана емес, сонымен қатар Шымкент қаласы № 24 C. Ерубаева атындағы ІТ лицей мектебінің оқушылары да қатысты. Акция ережесі бойынша оқушылар алдын-ала сауалнама толтырып, қалаған кітаптарының атауы мен ...

Читать далее »

САЛТ-ДӘСТҮРДЕ – АҚ ОТАУ

Бүгін «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығында «Салт-дәстүрде – Ақ отау» тақырыбында қазақтың киіз үйін құрудан шеберлік сағаты өтті. Шараның мақсаты: қазақ халқының дүниетанымында заттық, әрі рухани мәдениеттің үздік үлгісі саналатын киіз үйдің тарихын, құрылымын, шаңырақ, уық, кереге, т.б. жабдықтарының мән-мағынасын тарату, бүгінгі өмірдегі қолданысын жастарға насихаттау. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасының аясында өткен шеберлік сағатына қаламыздағы жоғарғы оқу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 100 ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА БАЗАРЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйытқы болуымен «Балаларға базарлық» акциясы өтті. Игі шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жылдығы қарсаңында «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қолға алынып отыр. Акцияда қаладағы 4 ауданның 100 отбасы балаларына кітаптар мен жеміс-жидек себеті үлестірілді. Қайырымдылыққа Шымкент қалалық Мәслихатының депутаттары, кәсіпкер, көпбалалы аналар демеушілік көрсетті. ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТ – ЖАСЫЛ ҚАЛА» ШАРАСЫ ӨТТІ

Шымкентте «Жасыл қала» ағаш отырғызу іс-шарасы өтті. Игі шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, сонымен бірге бірқатар зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Аталған іс-шараны ұйымдастырушы әрі демеушілік көрсетуші – «Мейірім шуағы» қоғамдық қоры болды. 1000 түп ағаш Шымсити шағын ауданында егілді. «Мейірім шуағы» қоғамдық қорының жетекшісі Асқар Молдабек: «Жүз жылдығын ойлаған ағаш егеді деген. Іс-шараның өтуіне ат салысып жатқан ...

Читать далее »