Қарияларымыз – қазынамыз деген аманаттықтар ардагерлердің жағдайын сұрап, оларға көңіл бөлуді өз борышымыз деп қабылдап келеді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы арқылы партияластарымыз үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, қарттардың халін сұрап, көңіл бөлуді өзгелерге үлгі етуде.
Бүгін партияның жастар қанаты Ұлы Отан соғысының ардагері Мосунова Нина әжейдің шаңырағына барып, үй шаруасына көмектесті.
Жасы жүзге таяған қарт ана Нина Мосунова- Ұлы Отан соғысының ардагері, радио операторы болды. Кезінде аянбай еңбек етті. Бірақ, қартайған шағында жалғыз қалды.
Зейнеткерге зейін бөлуді партия белсенділері ұдайы жалғастырып келеді. Бүгін де бір топ белсенді жас қарияның хал-жағдайын біліп, үйінің айналасына көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізіп қайтты.