салт-дәстүр

САЛТ-ДӘСТҮРДЕ – АҚ ОТАУ

Бүгін «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығында «Салт-дәстүрде – Ақ отау» тақырыбында қазақтың киіз үйін құрудан шеберлік сағаты өтті. Шараның мақсаты: қазақ халқының дүниетанымында заттық, әрі рухани мәдениеттің үздік үлгісі саналатын киіз үйдің тарихын, құрылымын, шаңырақ, уық, кереге, т.б. жабдықтарының мән-мағынасын тарату, бүгінгі өмірдегі қолданысын жастарға насихаттау. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасының аясында өткен шеберлік сағатына қаламыздағы жоғарғы оқу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында «Қаратау» дәстүрлі ұлттық өнер мектебі ашылды. Салтанатты iс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов және жергiлiктi зиялы қауым өкілдері қатысты. Дәстүрлi ұлттық өнер мектебінің негізгі мақсаты — еліміздің төл өнері мен мәдениетін дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару және дәстүрлі өнердің түрлi салаларын жан-жақты жандандырып, оны жастар арасында кеңінен насихаттауды көздейдi. Мектептің ашылу рәсiмiне қатысқан қала басшысы қобыз, ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТ – ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ 2020» ЖЫЛЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі онлайн форматта «Цитадель» тарихи-мәдени кешенінде өтті. Іс-шара Ońtústik TV және YouTube-та Bridge TV арналарында көрсетілді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мерекелі жылды қорытындылап, ТМД мәдени астанасы эстафетасын Душанбе қаласының төрағасы Рустами Эмомалиға табыстады. –Шымкент – 2200 жылдық тарихы бар көне шаһар. Осынау тарихи қаламыздың ТМД елдерінің мәдени астанасы атануы біз үшін ...

Читать далее »

«ҚҰРАЛАЙДЫҢ САЛҚЫНЫ» ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Қазақ ұғымында «Құралайдың салқыны» деген сөз бар. Бүгінгі таңда оның сирек қолданылып, ұғымы да көмескіленіп бара жатқаны өтірік емес. Қырдағы қариялардың аузынан оқтын-оқтын естіп қалып жататынымыз болмаса, қаладағы жұрттың көбі оны әлдеқашан ұмытқан. Уикипедия дерегіне сүйенсек, бұл кез — Қазақстанның орталығы және солтүстік аумақтарында шамамен 20 мамырдан басталып, он шақты күнге созылатын ауа райы құбылмалы күндер. Расында, мамырдың орта тұсында ...

Читать далее »

КӨКПАР-ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

Көкпар — ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын атауының шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқалар бар: «көк бөрі» немесе «көк бөрте». Тағы бір нұсқасында «көкпар» сөзіндегі «пар» бөлшегі паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы айтылады. Көкпар тарту ойындары тек қазақта емес, Орталық Азия елдерінің кейбір елдері: ауған, қырғыз, өзбек, тәжік сияқты өзге де халықтарында бар. Дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған серкенің ...

Читать далее »

АШАМАЙҒА МІНГІЗІП, ҰЛ ҚЫЗЫҒЫН КӨРГЕЙСІҢ…

Көшпенді қазақ халқында төрт-түлікпен, соның ішінде жылқы малымен байланысты жөн-жоралғылар өте көп. Баласына бәсіре ретінде тай атайтын салттың бірі – ашамайға мінгізу. «Ашамайға мінгізіп, Көш алдына жүргізіп, Алашқа атын білгізіп, Ұл қызығын көргейсің» деген көне жыр жолдарына қарағанда бұл дәстүр біздің халықта ерте заманнан қалыптасқан. Сонда осы «Ашамайға мінгізу» салтының құндылығы неде, жас балаға қандай тәлім-тәрбие береді? Бала 6-7 жасқа ...

Читать далее »

«ЖАРЫСҚАЗАН» ҒҰРПЫ

Баласынан сүйген немересінен асқан қуаныш, бақытты білмейтін ене келінінің бойына бала біткенін байқағаннан-ақ асты-үстіне түсіп, барынша жағдай жасап, күтуге тырысады. Сәбидің дүниеге келгенін асыға күткен енесі келінін толғақ қыса бастағанда жарысқазан ғұрпын атқарады. Келінінің бала көтергенін сезген ененің кеудесін қуаныш кернеп, көрші-қолаң, ауыл-аймақ, ет жақындарын жиып, құрсақ тойын жасаған. Құрсақ тойына келген әр әйел шашуын ала келіп, келінге ақ тілектерін ...

Читать далее »

ҚҰЛАҚ СЫРҒАЛЫҒЫН ТЕСУ ҒҰРПЫ

Құлaқ тecу әpбip қыз бaлa үшiн epeкшe cәттepдiң бipi caнaлaды. Ceбeбi құлaққa түpлi әдeмi әшeкeй бұйымдapын тaғып, cыpғaлым aтaнaды. Қыз бaлacы – өмipдiң әceм, бaғa жeтпec гүлi. Coл гүлдiң әpқaйcыcын oдaн әpмeн көpiктeндipудe әшeкeй бұйымдapының, coның iшiндe cыpғaның pөлi зop. 7-9 жac apaлығындa кiшкeнтaй xaншaйымдapдың құлaғын тecу pәciмi opындaлaды. Көбiнe құлaқты бaлиғaт жacы – 9-ғa тoлғaндa тeceдi. Apудың aнacы, әжeci ...

Читать далее »

БЕСІК ЖЫРЫ ЕРМЕК ҮШІН АЙТЫЛМАЙДЫ

Бесік жыры- сәби жүрегіне алғашқы рухани нәр беретін бірден-бір жыр. Бесік жыры бесікке бөленген баланы тыныштандыру мақсатында айтылады. Үлкендердің әлдилеген бөпесіне зор махаббатын, сүйіспеншілігін жеткізетін бесік жыры әр түрлі аттармен белгілі. Олар: «Бесік жыры», «Бөпем-ай», «Әлди, бөпем», «Дуай-дуай», т. б. Б.Уахатов бесік жырын ананың ішкі монологы деп сипаттайды. Негізінде, бесік жырын орындаушы сәби жүрегіне ең жақын адам-оның анасы. Шешесі бесікте ...

Читать далее »

СҮНДЕТ ТОЙ РӘСІМІ

Қoл жaйыңдap xaлaйық, сүндeткe apнaп, Құдaй құлы Мұxaммeд Үмбeткe apнaп. Қыpық пapыздың бipeуi oсы дeйдi, Ислaмдa aтқapap мiндeткe apнaп. Aйың жapық, күндepiң aшық бoлсын, Пәлe-жaлa Қыpық кeз қaшық бoлсын. Жүpeгiнe Aллaдaн нұp құйылып, Өмipiнe жeтeтiн нәсiп бoлсын! Сүндeткe oтыpу – мұсылмaн бoлу. Қaзaқтa сәбилepгe apнaлғaн дәстүpлep мeн ғұpыптap өтe көп. Бaлa туылғaндaғы eң тaнымaл әpi үлкeн тoй – шiлдexaнa. Oдaн ...

Читать далее »