Түркістан

1 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП ТҮРКІСТАНҒА ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ҰШУДЫ БАСТАЙДЫ

1 желтоқсанынан бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Түркістан қаласына әуе рейстері ұшуды бастайды. Алғашқы рейс Нұр-Сұлтан – Түркістан – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша орындалады. Азаматтық авиация комитеті Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Бастапқы кезеңде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркістанға күн сайын рейстер орындау жоспарланып отыр. Рейстерді 3 қазақстандық «Fly Arystan», «SCAT» және «Qazaq Air» әуе компаниялары орындайды. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: «МАЛ МЕН ЕГІН – КӨЛ-КӨСІР ӨНІМ» САЙЫСЫ ӨТТІ

Түркістандық жастар мақта теріп, қой қырқып, алма теріп, картоп жинап жарысты. Жастар екі күнін ауылдың тыныс-тіршілігімен танысуға арнады. «Ауылдағы бір күнім» телевизиялық реалити-шоуы аясындағы «Мал мен егін – көл-көсір өнім» сайысында облыстағы белсенді де, өнерлі волонтерлар ауыл тіршілігімен танысып қана қоймай, жарысқа түсті. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған жарыстың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығын жастар арасында дәріптеу, жастардың еңбек қабілеттілігін ...

Читать далее »

«БІЗДІҢ БЕЙСЕН» ТҮРКІСТАНДА

Қазақ телевизиясының тарланы, журналист Бейсен Құранбек туралы естеліктер жинақталған кітаптың таныстырылымы Түркістан қаласында өтті. Жер жәннаты Жетісу өңірінен түркі әлемінің бесігі Түркістан шаһарына жеткен «Біздің Бейсен» барлық кітапхана төрінен орын алмақ. Жаңа кітапты оқырмандар рухани ордадан алып, оқи алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айтуынан басталған жинақта танымал ел ағаларының естелігі, замандастарының толғаныстары, ақындардың арнау жырлары, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СЫЙЫ – ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Түркістан қаласындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Шымкент қаласының сыйы – ғылыми-әмбебап кітапхананың бүгінде сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Кітапханада 250 мың кітап қоры болады. Оқу залы 392 орынға лайықталған. Үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы 8414 шаршы метрді құрайды, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Кітапханада біршама технологиялық шешімдер қарастырылған. Мәселен, келуші экранды басып, қажетті ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ 78,5 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЕГІН ЕГІЛЕДІ

Биыл Түркістан облысының Жетісай ауданында 78,5 гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егіледі деп жоспарлануда. Оның басым көпшілігін мақта дақылы құрап отыр. Яғни биыл ауданда 45,1 гектар егістік алқапқа мақта дәні себілетін болады. Екініші басымдық бақша дақылдарына берілмек.Нақтырақ айтсақ, биыл жетісайлық диқандао 17 мың гектар жерге қауын мен қарбыз егуге ниеттеніп отыр. Бұдан бөлек,ауданда 3,6 гектарға көкөніс,4,8 гектарға дәндік жүгері,2,7 гектарға ...

Читать далее »

Түркістанда аламан дода өтті

Спортсүйер қауым көптен күткен «Alash Pride grand prix» бәйгесі Түркістан қаласында өтті. Аламан додаға Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов та арнайы барып, қатысты. Бәйгені тамашалаған Р. Абатұлы өз сөзінде 66 келі салмақта сайысқа түсіп, Алаш прайдтың үздік спортшысы екендігін сақтап қалған қазақстандық Қаршыға Даутбек пен қарсыласы қырғызстандық Тургунали Абдуллаевқа қала әкімдігі тарапынан қаржылай сыйақы берілетінін және спорт саласы басты назарда ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР СУДЫ ҮНЕМДЕУГЕ ШАҚЫРАДЫ

Түркістандық ерікті жастар «Судың да сұрауы бар» атты жаңа жобаны қолға алды. Басты мақсат – көпшілікті ауыз суды үнемді қолдануға шақыру. Жоба аясында жастар мемлекеттік мекемелерге, орта арнаулы оқу орындарына, жоғары оқу орындарына және халық тығыз шоғырланған жерлерде суды үнемдеу жолдары жазылған арнайы брошуралар таратты. Мейрамханалар мен дәмханалардағы қол жуатын, су тұтынатын жерлерге арнайы жадынамаларды жабыстырды. — Қоғамда суды үнемдеу ...

Читать далее »