Руханият

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызын қабылдады Кездесу барысында еліміздегі опера өнері мен мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды. Президентке Шымкентте қалалық опера және балет театрының жаңа ғимаратын салу жоспары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар Майра Мұхамедқызы Президентке өңірдегі опера және театр өнерін дамыту жұмыстары, сондай-ақ жас әншілерді, театр және балет әртістерін оқыту ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ АҚ ОРАМАЛДЫ ДӘРІПТЕП ЖҮР

Халқымызда ақ орамалдың орны ерекше. Осы орайда, өңірде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім” мекемесінің қолдауымен және Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің атсалысуымен «Ақ орамал» акциясы ұйымдастырылды. Қазақ қоғамы үшін ақ жаулықты ананың рөлі қашанда жоғары. Айналаға аналық мейірім-шапағаттың нұрын сепкен, ұрпаққа тәлім мен тәрбие берген акцияның мәні де, маңызы да ерекше. ҚХА жанындағы Түркістан облыстық Аналар кеңесінің ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Шымкент орталық мешітінде әжелер мектебінің салтанатты ашылу шарасы өтті. Салтанатты шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова және әжелер мектебінің мүшелері қатысты. Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы сөз алып, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында ашылып отырғанына айрықша тоқталып, ...

Читать далее »

ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВҚА 175 ЖЫЛ

Бүгін «Абай» саябағында зиялы қауым өкілдері, ақындар, айтыскерлер, кітапханашылар, оқырмандар және қала тұрғындарының қатысуымен Халық жыршысы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Халық фольклорының феномені» тақырыбында әдеби-музыкалы кеш өтті. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аталып өтуде. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жарлығымен ұлы ақынның мерейтойын жоғары дәрежеде ұйымдастырып мазмұндық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында арнайы мемлекеттік комиссия ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ КІТАПХАНАЛАРДА «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінде «Парасат жолы» орталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына жазушы, журналист, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Мархабат Байғұт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қалалық филиалының директоры Бахадүр Жеңіс, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен Мәжінбеков, «Halifa ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТТЫҚ ТУРНИРІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Үшінші мегаполистегі №89 IT мектеп-лицейінде «Шымкент қаласының Дарын орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен жалпы орта мектептердегі жоғары сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты республикалық дебаттық турнирінің қалалық кезеңі өтті. Турнирге қатысуға, яғни қалалық кезеңге жалпы 52 топ, оның ішінде қазақ лигасына 34, орыс лигасына 12 өтінім түссе, ағылшын лигасына 6 топ турнирге қатысты. Жалпы 100-ден астам қала мектептерінен 40-қа жуық оқушы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

«Кundelik.kz» электронды журналды сапалы және уақытылы толтыру бойынша Шымкент қаласының мектептері республикада үздік деп танылды. Бұл ретте, қаламыздың педагогтері мен оқушылары, ата-аналар және Білім басқармасы саласының мамандары аса белсенділік көрсеткен. Елімізде «Кundelik.kz» электронды журнал жүйесі ҚР Білім және Ғылым министрлігімен 2016 жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жұмыс істеп келеді. Пандемияға байланысты қашықтан оқыту электронды журналдың маңыздылығын арттыра түсті. Осы орайда, ...

Читать далее »

МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалалық опера және балет театрының жаңа басшысын мекеме қызметкерлеріне таныстырды. ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі. Ол 1969 жылы 9 мамырда ҚХР-да дүниеге келген. Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «HR-PROCESS.KZ» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 438 ПЕДАГОГ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді. – Шымкент қаласында III тоқсанда бітіруші, яғни, 9-11 сынып оқушыларын санитарлық талаптарды сақтай отырып 15 адамнан аспайтын аралас форматта оқыту жүргізіледі. Ал жыл басынан бері қаладағы білім ұйымдары 47 330 компьютерлік техникамен толығып, олардың жалпы саны 56 556-ға жетті. Одан бөлек, үшінші мегаполис еліміз бойынша ...

Читать далее »

ҚАЗАҚ ДОМБЫРАСЫН КҮМБІРЛЕТКЕН ТАТЬЯНА ШЫМКЕНТ ТӨРІНДЕ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Татьяна Бурмистровамен кездесу кеші жалғасуда. Күні кеше әншімен кездесу Шымкент қалалық өзбек драма театрында өтсе, бүгін Шымкент қалалық мәдениет үйіне қарасты «Қызылжар» мәдениет үйінде өтті. Қазақтың қара домбырасын шертіп, күміс көмей даусымен қазаққа танымал болған Татьяна Николайқызы 2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы қаласындағы «Ұлттық өнер» ...

Читать далее »