ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

«Кundelik.kz» электронды журналды сапалы және уақытылы толтыру бойынша Шымкент қаласының мектептері республикада үздік деп танылды. Бұл ретте, қаламыздың педагогтері мен оқушылары, ата-аналар және Білім басқармасы саласының мамандары аса белсенділік көрсеткен.
Елімізде «Кundelik.kz» электронды журнал жүйесі ҚР Білім және Ғылым министрлігімен 2016 жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жұмыс істеп келеді.
Пандемияға байланысты қашықтан оқыту электронды журналдың маңыздылығын арттыра түсті. Осы орайда, алғаш рет 2020-2021 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы электронды журнал жүйесінің жұмысы қорытындыланып, білім басқармаларының атқарылған еңбектері сараланды.
Нәтижесінде, аталған электронды журналды толтыру жұмыстарына назар аударып, мектептерге көмек пен қолдау көрсеткен Шымкент қаласының білім басқармасы «Кundelik.kz» электронды журнал жүйесінің «Алтын түйме» жүлдесіне ие болды.
Айта кетейік, бүгінде «Кundelik.kz» электронды журнал жүйесіне Шымкент қаласының 151 мектебі қосылған. Ал жүйені тұрақты пайдаланып, белсенділік танытқан мұғалімдер саны 20 мыңға жетіп отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*