Мәдени Астана

ШЫМКЕНТТЕ «DOMBYRA PARTY» ӨТТІ

Шымкенттегі Арбат демалыс аймағында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы және Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Dombyra party» мерекелік іс-шарасы өтті. Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұлттық аспап арқылы ұлттық мәдениет, өнер туындыларын, Қазақстан халқының рухани құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын және тарихқа деген құрметті насихаттай отырып, Қазақстанның әрбір азаматының рухани ...

Читать далее »

«ҚАЙСАР» ПАТРИОТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БАСҚОСУЫ ӨТТІ

Бүгін «Қайсар» әскери-патриоттық жобасы аясында Шымкентте кезекті жиын өтіп, онда жастар қаламыздағы Cемей ядролық cынақ полигонының ардагерi (Ұлы Отан соғысына теңестірілген), ардагер Абдурашид Тұранқұлов және Маханбетқали Ахметовпен жүздесті. Жиында ардагерлер өз тәжірибелерін бөлісті, жастарға кеңес берді. Патриоттық тәрбиенің жас ұрпақ үшін маңызы зор екенін айтты. Кездесу соңында жастарға ақ батасын берді. Шымкентте бүгінде Семей ядролық полигонының 600-ден астам ардагері тұрады. ...

Читать далее »

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ АРДАГЕР- ҰСТАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Мереке қарсаңында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов еліміз бен шаһардың дамуы жолында елеулі үлес қосқан бірнеше ардагердің үйіне барып, арнайы құттықтады. Оларға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті.   Қала басшысы алғашқы құттықтауын еңбек ардагері Ахметова Райса Райымбекқызының шаңырағынан бастады. Ардагер ұстазбен әңгімелескен Мұрат Әйтенов мереке иесіне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі. Ахметова Райса ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЕСКІ ҚАЛАШЫҚ АУМАҒЫНДА SHYMQALA ЭТНОАУЫЛЫ АШЫЛДЫ

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде үшінші мегаполисте «ShymQala» этноауылы ашылды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы аясындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиналған көпшілік алдымен Тәуелсіздік саябағында көшеттер екті. Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы құрметіне 70 көшет отырғызылды. Бұдан кейін көпшілік этноауылдың ашылуына қатысты. Әкім ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚАНДАСТАРҒА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛАДЫ

Шымкентке көшіп келген қандастар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында» алты ай бойы тұрады. Осы уақыт аралығында орталықта қандастардың елге бейімделуі үшін бірнеше қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда ата жұртын аңсап келген ағайынға алдымен қазақы салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық құндылықтарымыз насихатталады. Қызметкерлер түп-тамырымызды тануға мүмкіндік беретін түрлі әдет-ғұрыптарды дәріптеп, түрлі ұлттық ас мәзірін, қазақы тұрмыс-тіршілікті ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ«SHYMKENT TOURISM CENTER» ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Ресми ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов орталықта қалаға келген шетелдік қонақтарға көрікті жерлер, мәдени шаралар мен қонақ үйлер туралы «бір терезе» қағидаты бойынша мәлімет беру қызметімен танысты. –Орталықтың басты міндеті туристік мекемелердің басын біріктіріп, туристерге жоғары дәрежеде сервистік қызмет көрсетуге ықпал ету. Қалаға келген қонақтар келесі жылы тағы келу үшін ұсынылатын қызмет түрлерін әрмен қарай дамыту қажет,-деді қала ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 20 БҮЛДІРШІННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен 20 қыз баланың тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсімге өңірдің танымал аналары, қыз-келіншектері Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернатының директоры, айтыскер ақын Маржан Есжанова, Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ақмарал Құдайбергенова, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында «Қаратау» дәстүрлі ұлттық өнер мектебі ашылды. Салтанатты iс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов және жергiлiктi зиялы қауым өкілдері қатысты. Дәстүрлi ұлттық өнер мектебінің негізгі мақсаты — еліміздің төл өнері мен мәдениетін дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару және дәстүрлі өнердің түрлi салаларын жан-жақты жандандырып, оны жастар арасында кеңінен насихаттауды көздейдi. Мектептің ашылу рәсiмiне қатысқан қала басшысы қобыз, ...

Читать далее »

ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫНДА 100 ЛИТР ТІЛЕУ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Көрісу күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ары қарай жалғасты. 12 қанатты киіз үй тігіліп, Ұлыстың ұлы күніне ошаққа от жағылып, күбіде май пісіліп, самаурында шай қайнатылды. Ақ түйенің қарны жарылды, Жер Ананың көкірегі босанып, елдің аузы аққа жетті. Қыстан есен-сау шығып, аналарымыз жеті түрлі дәмнен тілеу көже әзірледі. Қала тұрғындары абзал аналарымыздың ел амандығы мен татулығын тілеп жасаған Тілеу ...

Читать далее »

НАУРЫЗ ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛАДЫ

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Сіздерге 14 наурыз – Көрісу күніне орай өтетін іс-шаралар бағдарламасын ұсынамыз. 1. 14 наурыз Тәуелсіздік саябағында «Наурыз — Шымкенттен басталады!» іс-шаралар онкүндігінің ресми ашылуы 2. 14-23 наурыз аралығында сағат 10.00-де SHYM ART FEST фестивалі 3. 14 наурыз 11.00-де Тәуелсіздік саябағында «Бастау» шеруі және мерекелік концерт 4. 14 наурыз сағат 12.00-де Әл-Фараби алаңы, Ш.Қалдаяқов гүлзары, ...

Читать далее »