НАУРЫЗ ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛАДЫ

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Сіздерге 14 наурыз – Көрісу күніне орай өтетін іс-шаралар бағдарламасын ұсынамыз.

1. 14 наурыз Тәуелсіздік саябағында «Наурыз — Шымкенттен басталады!» іс-шаралар онкүндігінің ресми ашылуы

2. 14-23 наурыз аралығында сағат 10.00-де SHYM ART FEST фестивалі

3. 14 наурыз 11.00-де Тәуелсіздік саябағында «Бастау» шеруі және мерекелік концерт

4. 14 наурыз сағат 12.00-де Әл-Фараби алаңы, Ш.Қалдаяқов гүлзары, «Астана» алаңында би топтарының «Көрісу» флешмобы

5. 14 наурыз сағат 12.00-де Қабанбай батыр көшесіндегі аллеяда «OPEN AIR GALLERY іс-шарасы

6. 14 наурыз сағат 16.00 және 19.00-де «Түркістан сарайы» ғимаратында «Сенші маған, шын айтамын» Айқын Төлепбергеннің ән кеші

7. 14 наурыз сағат 18.00-де Ш.Қалдаяқов гүлзарында «Салем, Қазақ елі!» концерті

8. 14 наурыз сағат 19.00-де Шымкент қалалық опера және балет театрында Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана!» қойылымы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*