ШЫМКЕНТТЕ «DOMBYRA PARTY» ӨТТІ

Шымкенттегі Арбат демалыс аймағында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы және Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Dombyra party» мерекелік іс-шарасы өтті.

Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұлттық аспап арқылы ұлттық мәдениет, өнер туындыларын, Қазақстан халқының рухани құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын және тарихқа деген құрметті насихаттай отырып, Қазақстанның әрбір азаматының рухани санасын жаңғырту.

Ұлы мұрамызды ұлықтайтын домбыра кешінде 50-ден аса жас күйшілер өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, республикамыздың барлық өңірлерде бұл бірдей, бас-аяғы 4 000-ға жуық адам үн қосты.

Іс-шараға партияның «Miras» кеңесінің мүшелері, Шымкент қаласы «Жастарды қолдау» кеңесінің мүшелері, Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, Саз колледжінің оқытушылары, мектеп оқушылары, «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері, Падишах және Балдаурен би топторы қатысты.

Жастарды жігерлендіру мақсатында алғыс хаттар мен домбыра мүсіндері естелікке сыйға табысталды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*