ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВҚА 175 ЖЫЛ

Бүгін «Абай» саябағында зиялы қауым өкілдері, ақындар, айтыскерлер, кітапханашылар, оқырмандар және қала тұрғындарының қатысуымен Халық жыршысы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай
«Халық фольклорының феномені» тақырыбында әдеби-музыкалы кеш өтті.

Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аталып өтуде. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жарлығымен ұлы ақынның мерейтойын жоғары дәрежеде ұйымдастырып мазмұндық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында арнайы мемлекеттік комиссия құрылған.

Кеш барысында Халықаралық К.Симонов атындағы сыйлық иегері Нармахан Бегалы және «Жүз жасаған жүрек» — ақын шығармашылығы хақында: филолог Хадиша Сайлау сөз сөйлесе, Жыр алыбы Жамбылдың жырларынан Дәркен Танабай, Сүндет Сейітов, Әлімжан Әлішер, Ақбота Бейбітбек сынды өңірлік ақындар өлең оқып, арнау арнады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*