ШЫМКЕНТ: «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТТЫҚ ТУРНИРІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Үшінші мегаполистегі №89 IT мектеп-лицейінде «Шымкент қаласының Дарын орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен жалпы орта мектептердегі жоғары сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты республикалық дебаттық турнирінің қалалық кезеңі өтті.

Турнирге қатысуға, яғни қалалық кезеңге жалпы 52 топ, оның ішінде қазақ лигасына 34, орыс лигасына 12 өтінім түссе, ағылшын лигасына 6 топ турнирге қатысты. Жалпы 100-ден астам қала мектептерінен 40-қа жуық оқушы дебатта өздерінің білімдерін шыңдады.

Нәтижесінде қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар республикалық дебаттық турнирге жолдама алды.

Айта кетейік, турнирдің қалалық кезеңі оффлайн форматта ұйымдастырылды. Карантин талаптарына сай санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей өткізілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*