КІТАП ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРАДЫ

Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні аясында Шымкенттік химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі дәстүрлі кітап сыйлау акциясын өткізді.

Акцияда оқушылар бір-біріне кітап сыйлап, жүрекжарды ак тілектерін арнады. Биылғы акцияға тек зияткер оқушылар ғана емес, сонымен қатар Шымкент қаласы № 24 C. Ерубаева атындағы ІТ лицей мектебінің оқушылары да қатысты.

Акция ережесі бойынша оқушылар алдын-ала сауалнама толтырып, қалаған кітаптарының атауы мен авторын жазды. Одан кейін ұйымдастырушылар сауалнаманы талдап, құпия дос ретінде әр қатысушыға өзінің жұбын таңдап берді. Бір қызығы кітап беруші мен кітапты сыйға алушы бір-бірін білмейді. Алайда бұл оқушылар үшін кедергі болған жоқ, алдын-ала толтырылған сауалнаманың көмегімен оқушылар өздеріне ұнайтын кітаптарды сыйға алды. «Өзің білмеген адамнан кітап сыйға алу және сыйлық сыйлау ерекше бір көңіл-күй сыйлайды»,-дейді жастар.

Бұл жолғы ерекшелік акция барысында «READx» жобасы болып өтті. Жобаның 3 спикері өздеріне ұнаған кітап желісімен бөлісіп, барша оқушыларға оқуға кеңес берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*