Авторские архивы: admin

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласының бас имамы қызметіне Бақдаулет Нұрматұлы Абдурахманов тағайындалды. Шымкент қаласына арнайы келген ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек қажы Есмағанбет бұған дейін елордадағы «Нұр-Астана» мешітінде абыройлы қызмет атқарған Шымкент қаласының жаңа бас имамын таныстырып, алдағы атқарар қызметіне сәттілік тіледі. Ал Бақтыбай қажы Бейсенбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен басқа қызметке ауысты. Қаланың бас имамы қызметіне кіріскен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: САУДАГЕРЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 7 базар мен 2000-нан астам сауда нысандары шаһар тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, карантиндік режимде жұмыс істеуде. Сатып алушылар мен сатушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік басқармасы тиісті сала өкілдерімен бірлесе отырып, түсіндірме, бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазіргі таңда супермаркет, дүкендерде күніне бірнеше реттен дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізіліп, санитарлық құралдар орнатылған. Келушілерге бетперде талап етіліп, нысанға кірмес ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында шаһардағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифингке қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу туралы жан-жақты мәлімет берді. – Қаламыздағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоба «QazSmartTrans» ЖШС жеке инвесторлар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ІРІ САУДА ОРЫНДАРЫ ТОЛЫҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Еңбекші ауданы аумағындағы «Фиркан», «Магнум», «Грамад» сынды ірі сауда орындары мен «Айна», «Көктем», «Исатай» базарларының аумағы толық залалсыздандырылды. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банк банкоматтарының іргелес жатқан аумақтарына да дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Оған №35748 әскери бөлімінің 100 сарбазы және 10 техника жұмылдырылды. Айта кетейік, Шымкент қаласында Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Дезинфекциялық шаралар күн сайын ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 7 ОШАҚТАН КАРАНТИН АЛЫНДЫ

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында 1174 азамат мониторингтік бақылауға алынған. Оның ішінде: стационарда – 826, үй карантинінде – 348. Індетке байланысты мегаполисте 71 ошақ тіркеліп, бүгінде оның 7-інен карантин алынған. Оқшауланған нүктелерге 300-ге жуық полиция қызметкері мен 559 Ұлттық ұлан сарбазы жұмылдырылған. Айта кетейік, тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау үшін 4 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР

Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пресс-тур өтті. Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың баяндауынша, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауданда дезинфекцилау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда 4 арнайы жұмысшы топ (мобильный) құрылған. — Қазіргі таңда аудан аумағында індет ошағы анықталған 12 орын карантиндік режимде, барлық ошақтарда тұрғындар азық-түлікпен, басқа ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕР АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ДЕЛДАЛСЫЗ АРЗАН БАҒАДА АЛА АЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік пен көкөніс бағаларының тұрғындар үшін қолжетімді болуын тапсырған болатын. Осы ретте каламыздағы бірқатар жылыжай иелерімен келіссөздер жүргізіліп, базарларда өз өнімдерін делдалсыз төмен бағада сатуы үшін арнайы орындар берілді. Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметінің айтуынша, бүгінгі таңда фермерлер «Қазыбек» базарынан арнайы орын алып, жылыжайдан жиналған көкөністерін арзан бағада саудаға шығаруда. Бұл ...

Читать далее »

БІЛІМ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БҰЛАҒЫ

Дана халқымыз қашан да «Бір жылдығын ойлаған егін егеді, он жылдығын ойлаған ағаш егеді, мың жылдығын ойлаған – ұрпағына білім нәрін егеді» — деп тәмсілдеген болса, «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» — деген секілді талай ұлағатты ой қорытқан. Расында да елдің ертеңгі іргесі білімді жастардың қолында десек, сол жастар бүгінгі таңда сапалы білім алып, білікті мамандар қатарын ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТКЕ ТҮРКІСТАНДЫҚ ШАРУАЛАР ӨНІМДЕРІН КЕДЕРГІСІЗ КІРГІЗУДЕ

Шымкенттегі санитарлық бұғаттау бекеттерінен көкөніс тиеген көліктер кедергісіз өтіп жатыр. Тіпті әкімдік қызметкерлері шаруаларға өнімін қай базарға апарып сату тиімді екенін түсіндіруде. Өйткені қала әкімі М.Әйтенов төтенше жағдай кезінде халықтың қажеттелігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қаулы бекітіп, көрші аудандардан диқандардың қалаға кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасады. Оған қоса шаруаларға қаладағы «Қазыбек» базарынан арнайы орын бөлдіріп берді. Сөйтіп диқандар жылыжайдан жинаған өнімдерін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚЫЛМЫС ДЕҢГЕЙІ 39 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

Бүгін Ақпараттық коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы Полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен төтенше жағдай кезінде қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша онлайн-брифинг өтті. Департамент басшысының мәлімдеуінше, қазіргі таңда карантинге байланысты қалада 2000-нан астам адам тәулік бойы 3 ауысымда қызмет етуде. Оған 1206 полиция қызметкері, №35748 Әскери бөлімінің 196 сарбазы, 559 Ұлттық Ұлан сарбазы және 216 медицина мамандары жұмылдырылған. Айта ...

Читать далее »