Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы волонтерлары «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп қаладағы «Комсомол» көлі аумағында орналасқан 752 га мемлекеттік орман қоры жерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл іс- шараға 30 ерікті жас жұмылдырылды. Орман — жер бетіндегі табиғат қорларының басты типі екендігін еске алсақ, ондағы табиғи байлықтарға да арнайы күтім қажет. Осыны ескерген «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен орталық ...
Читать далее »ҚОҒАМ
ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, коронавирустық инфекцияны төмендету бойынша шараларды күшейту үшін Шымкентте модульді жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Жаңа орталықтың ашылуына еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы келді. Бір қабатты ғимарат 200 төсек-орынға арналған, модульді үлгі бойынша салынды. Госпиталь қаладағы «Ақжайық» шағынауданында бой көтерді. Орталық қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы болып табылады. Мұнда коронавирустық инфекцияға күдікті деген барлық пациенттерді ...
Читать далее »«БЕКЖАН» БАЗАРЫ ӨРТКЕ ОРАНДЫ
9 маусымы сағат 15:13 шамасында Темірлан тас жолындағы «Бекжан» базарының алдында автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектері жанып жатқаны белгілі болды. Мамандардың хабарлауынша, өртті сөндіруге ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 дана арнайы техникасы жұмылдырылған. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Аталған оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат 15:43 шамасында сөндірілген. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда.
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ 22 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ
Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1 тармағының 13 тармақшасының негізінде, 2020 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №37 БМСДҚ «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» (әрі қарай-№37 ҚР БМСДҚ) қаулысына, 2020 ...
Читать далее »ҚОҒАМДА ҚЫЗУ ТАЛҚЫҒА ТҮСКЕН БЕЙНЕРОЛИККЕ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРІЛДІ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазнетте қызу талқыланып жатқан қысқа метражды бейнероликке байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков, Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев және «TALAS FILM» киностудиясының директоры, режиссер Серік Таласов қатысты. Қала әкімінің орынбасары А.Мамытбековтың айтуынша, қалалық Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармаға бейнероликтер жасау бойынша 8 млн.теңге ...
Читать далее »ЗАҢСЫЗ МИТИНГІЛЕР МЕН ЖАППАЙ ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСҚАНДАР ҚАТАҢ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласындағы COVID-19 инфекциясының 2020 жылдың 5 маусым күні болған эпидемиологиялық жағдайы бойынша брифинг өтті. Брифингке Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және департамент басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев қатысты. Департамент басшысының айтуынша, Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызы мен 4 маусымы аралығында 962 COVID-19 жағдайы тіркелген. Яғни, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІК 3000-ҒА ЖУЫҚ ЕРІКТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРҒА АТСАЛЫСУДА
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаевтың қатысуымен 2020 жыл «Еріктілер жылы» аясында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар бойынша брифинг өтті. Брифингте басқарма басшысы, ең алдымен, еріктілер жылына байланысты қала жастарының азаматтық белсенділігін дамытуға жаңа серпін беретін іс-шаралар жоспары әзірленгенін жеткізді. Атап айтсақ – «Біргеміз» жалпыұлттық жобасы, Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне «Тәлімгер» жобасы, «Шымкент ...
Читать далее »РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР КӨК ТУМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Бүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай, еріктілердің ұйытқы болуымен Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне Мемлекеттік Ту ілінді. «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары бұл игі іске өз үлестерін қосып, қолдау білдірді. Осылайша, бұл шара арқылы қала тұрғындары өздерінің рәміздерге деген шексіз құрметін байқатты. Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы ...
Читать далее »«ЖЕЛБІРЕ, МЕНІҢ ЖАЛАУЫМ!» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ
Шымкентте мемлекеттік рәміздер күніне орай «Желбіре менің жалауым!» атты патриоттық акция өтті. Тәуелсіздік саябағындағы «Мемлекеттік рәміздер» алаңынан бастау алған акцияны Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі ұйымдастырды. Жастар акцияда көк байрағымызды көкке желбіретіп, ҚР Мемлекеттік Әнұранын шырқады. Сондай-ақ, тұрғындар арасында ТУ, Елтаңба, Әнұран жайында сауалнамалар жүргізіп, жалаушалар таратты. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үндеп, өскелең ұрпаққа толымды ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІҢ ТІГІН ФАБРИКАСЫ 1,5 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ӨНІМІН ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРАДЫ
Шымкенттің «АГФ Групп» тігін фабрикасы ресейлік IKEA компаниясының дүкендеріне төсек жабдықтарын тігуде. Жеңіл өнеркәсіп саласында 10 жылдан аса табыс тауып жүрген компания жылына 1,5 миллионға жуық өнімін экспортқа шығарады. Фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. 2013 жылы өз өнімдерін экспорттай бастаған компания жасанды емес маталар және табиғи материалдармен комбинезон, мектеп формасы, әскери киімдер мен халаттар тігеді. Аймақта төсек орындықтар мен ...
Читать далее »