Бүгін Шымкент қаласына іссапармен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният және ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова келді. Қонақтар қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында сөйлесті. Сондай-ақ, олар Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен құрылған коронавирусқа қарсы күрес бойынша арнайы ситиуациялық штабтың жұмысымен танысты. Қала басшысы онда жұқпалы дертпен күресте әкімдік тарапынан атқарған жұмыстар ...
Читать далее »Cаясат
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Рашид Мамытұлы Мыңбаев Шымкент қаласының әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. Рашид Мыңбаев 1981 жылы 11 сәуірде ОҚО Бәйдібек ауданы Шаян ауылында дүниеге келген. Білімі — жоғары, мамандығы-заңгер, экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. Рашид Мамытұлы еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау және жүйелеу басқармасындағы нормативтік-құқықтық актілерді кодификациялау бөлімінің жетекші маманы ...
Читать далее »7 АЙДА 8 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ
2020 жылдың қаңтар-шілде айында Шымкент қаласы әкімдігіне 8 711 арыз-шағым келіп түскен. Өтініштердің 950-нің мәселесі қанағаттандырылып, 8491-не жазбаша түсіндірме берілді. Оның ішінде жер қатынастары – 3986, карантин кезінде қалада жүріп тұруға рұқсат алу – 839, энергетика және коммуналдық шаруашылық – 314, баспана мәселесі бойынша – 302, әлеуметтік және жұмысқа орналастыру – 300, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары – 198, құрылыс ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕН СЕНАТ ДЕПУТАТЫ БОЛЫП АЙГҮЛ ҚАПБАРОВА САЙЛАНДЫ
Бүгін елімізде ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау тағайындалған еді. Шымкентте бүгінгі саяси іс-шара барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып, жоғары деңгейде өтті. Сайлау учаскесінің кіреберісіне карантиндік сақтау шаралары ұйымдастырылды. Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, таңдаушылардың 18 дауысын иеленген Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып қайта сайланды. Сайлау комиссиясының хатшысы Болатбек ...
Читать далее »ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫМЕН 150-ГЕ ЖУЫҚ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Шымкент қаласында қаңтар-маусым айында еңбек инспекция және көші-қон басқармасына 581 азаматтан арыз-шағым келіп түскен. Басқарма мамандарының тексеру жүргізу нәтижесінде 146 заңбұзушылық анықталып, оның 96-ы жойылды. Оларға 67 нұсқама беріліп, 1,8 миллион теңгеге 22 әкімшілік айыппұл салынған. Қазіргі таңда, 6 кәсіпорында 38 жұмыскердің жалақы бойынша 3,8 млн.теңге берешегі бар екенін анықтады. Аталған мекеме жетекшілеріне ұйғарымдар шығарып, қарыздарды өтеу бойынша тиісті жұмыстар ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Президенттік Жастар кадрлық резервінің өкілі Сәттібаев Айбек Берікұлы тағайындалды. Айбек Сәттібаев бүгінгі күнге дейін «Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс атқарып келген. Айбек Берікұлы 1987 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша қаржыгер, мемлекеттік саясат магистрі. Ол Банк ісі жоғары мектебінің колледжінде, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Шыңғыс Мұқан 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі. Ол Алматыдағы «Қайнар» университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Жас Алаш» газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар ...
Читать далее »ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановтың қатысуымен қаламызда енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты Абай ауданында атқарылып жатқан дезинфекциялық шаралар бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Б.Рысқұлұлы, ең алдымен, залалсыздандыру жұмыстары жөнінде сөз қозғады. – Елімізде төтенше жағдай жарияланған уақыттан бері ауданда карантинге жабылған аумақтардан бөлек, шағын аудандар мен тұрғын алабтардың көшелері және көп қабатты тұрғын үй аулаларында қарқынды ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов карантин шараларын ескере отырып, қала тұрғындарының жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау өткізді. Қашықтықтан өткен қабылдауда шаһар тұрғындары тұрғын үй, коммуналдық сала мен әлеуметтік төлем алу және инфроқұрылым, медициналық көмек пен шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселесін көтерді. Жиырмаға жуық қала тұрғындарының өтініштерін тыңдаған Мұрат Әйтенов айтылған мәселелер қолданыстағы заң аясында қаралып, осының негізінде көмек көрсетілетінін алға тартты. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Шымкент қаласында 2020 жылғы 21 шілде күнгі мәлімет бойынша 4453 COVID-19 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте 43 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім 1 пайызды құрады. Жазылып шыққан науқастар саны — 2770. Яғни, 62 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында баяндады. Селекторлық режимде өткен жиында әкім қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында инфекциялық ...
Читать далее »