Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТТЕ АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА 85 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласында халықтың миграциялық және демографиялық өсіміне байланысты жыл сайын оқушы саны 15 мыңға артуда. Биылдың өзінде мектепте орын тапшылығы 23 мыңға жеткен. Бұл өсім бес жылда 75 мыңға жетеді. Ал, кешенді жоспар бойынша 2025 жылға дейін 64 900 орынға арналған 85 мектеп құрылысы жоспарланған. –Қалған 10 000-ға жуық орынды кәсіпкерлер ғимараттарын қайта құрылымдау, жалға алу арқылы жекеменшік мектептер ашу ...

Читать далее »

«iKOMEK» ТҰРҒЫНДАРҒА БАҒЫТТАР ТУРАЛЫ ОНЛАЙН МӘЛІМЕТТЕР БЕРУДЕ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен онлайн аппараттық жиында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қала тұрғындарынан келіп түсетін арыз-шағымдар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Жалпы қаламызда 20 көлік компаниясы күнделікті 64 маршрутта, 1040 қоғамдық көлік арқылы жолаушыларға қызмет көрсетуде. Осы орайда тұрғындар тарапынан қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты келіп түсетін шағымдарды азайту негізгі жолға қойылған. Аталған басқарманың ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ТӘРТІПТЕ 354 ПЕДАГОГ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиеваның білім саласында атқарған жұмысы жөнінде есебін тыңдады. А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында өткен есепті жиыннан алдын қала әкімі қаладағы мектеп басшыларымен кездесіп, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Жанат Арысбекқызы қала әкіміне жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Басқарма басшысының сөзінше биыл педагогтарды жұмысқа қабылдауда іріктеу тәртібі автоматтырылған жүйеде жүзеге ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: №4 ЕМХАНАДА БАЛАЛАР БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ

Шымкенттегі қалалық №4 емхана азаматтарға медициналық қызмет көрсетумен қатар, балаларды тұлғалық дамыту мәселесін қолға алды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. Медицина мекемесіндегі балалар бөлімшесінде ашылған кітапхана бұрышында келуші балаларға барлық жағдай жасалған. Онда ойыншықтар мен түрлі-түсті кітапшалар қойылған. Осылайша емханаға келген балалар дәрігердің қарауы біткенше уақытын тиімді өткізе алады. Яғни, кітап оқиды, үстел ойындарын ойнай алады. Оларға бөлімше ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ДУБЛЯЖДАЛҒАН «МУЛАН» ФИЛЬМІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

«Мулан» – «Болашақ» корпоративтік қорының дубляждаған мерейтойлық 35-ші фильм. Бұл Disney студиясының қазақ тіліне дубляждалған және отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шығатын туынды. Шымкент қаласында өткен фильмнің арнаулы көрсетіліміне қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Ол өзінің сөзінде тәуелсіздік жылдары мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында қазақ тіліндегі сапалы ақпараттық, ағартушылық өнімдердің көбейіп жатқанын тілге тиек етті. — Елбасының бастамасымен құрылған «Болашақ» ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЕНДІ ХҚО-ДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ДЕ АЛА АЛАДЫ

Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы қайта жанданды. Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай жарияланған кейін өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы шектелген болатын. Сонымен қатар, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында, карантин уақытында электронды қызметтерді алу үшін жоғары оқу орындары, қала әкімдігі сияқты халық көп баратын жерлерде 45-ке жуық egov бұрыштары іске қосылған еді. Бұл ретте аталған ...

Читать далее »

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІН ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Шымкент қаласында көшелерді қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу мақсатында коммуналдық мекемелер күшейтілген кестеде жұмыс жасап жатыр. Атап айтқанда, «ЛТД Турмыс», «Байтерек ЛБ», «Югдорсервис», «NurtauService», «Жасыл Жер» коммуналдық мекемелері 32 бағыт бойынша жұмыс атқаруда. Қаланы қардан тазарту үшін барлығы 114 техника, 606 жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта коммуналдық мекеме қызметкерлері көшелерде көктайғақты болдырмау үшін 1626 текше метр инертті материал сеуіп шықты. Бұл ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жыл басынан бері 21 рет азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, оған 297 азамат қатысты. Жеке қабылдау қорытындысымен 228 азаматқа түсіндірме жауап берілсе, 69-дың мәселесі шешілген. Айта өту керек, пандемия әсерінен бұл жылы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеке қабылдаулар саны кеміген. Ал қала әкімінің орынбасарлары 47 рет жеке қабылдау өткізіп, оған 206 азамат қатысқан. Оның ішінде ...

Читать далее »

МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕ QR КОД ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында медицина саласын цифрлық технологияға көшіру жұмыстары қарқын алған. Бүгінде қаладағы 33 мемлекеттік медициналық мекемеде QR код жүйесі іске қосылды. Жаңа технология арқылы дәрігерлер жайлы деректер, жұмыс кестесі, еңбек өтілі және науқастардың пікірлерін білуге мүмкіндік бар. Бұл бағдарлама уақытты үнемдеу, қашықтықтан құжат алмасу, жұмысты автоматтандыруға септігін тигізеді. QR-код қосымшасы арқылы науқастар дәрігердің қабылдауына жазылып, медицина маманын үйіне шақыруына болады. ...

Читать далее »

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН ҚАРСЫЛАСЫН ОЙСЫРАТА ЖЕҢДІ

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин Польша боксшысы Камил Шереметаны 7-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин кәсіпқой рингтегі 41-жеңісіне қол жеткізді. Головкин Холливудта (Флорида штаты, АҚШ) өткен бокс кешінде поляк Камил Шереметамен қолғап түйістірді. Бұл кездесуде Головкин өзіне тиесілі титулдарын қорғады. Головкин алғашқы раундтан бастап басымдық танытты. Бірінші раундтың соңына ...

Читать далее »