Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ 5 МЛРД 200 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ БАҒАЛАНЫП ОТЫР

Шымкентте әуежай сатылады деген хабар қоғамда резонанс тудырғаны рас. Енді осы жағдайға түсініктеме бере кетсек. Жалпы қаламыздың әуежайы 2015 жылы Үкіметтің қаулысымен жекешелендірілетін объектілер тізбегіне енгізілген. Аталған қаулыға сәйкес, әуежай 2018 жылы жекешелендіруге өтуі керек болған. Алайда түрлі себептермен бұл шаруа шегеріліп, ақырында 2020 жылға дейін жетті. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, 18 қыркүйек күні республикалық БАҚ-та хабарландыру берілген. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 30 АУЫЗ СУ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте қала халқының орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы 94,7 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті жоғарылату мақсатында қалада жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, тұрғындарды толыққанды сапалы ауыз сумен қамту үшін биылғы жылы қалада 30 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары хабарлады. Басқарма мамандарының мәлімдеуінше, биыл осы нысандардың 19-ы ел игілігіне беріледі. Ал қалған 11 нысан келер ...

Читать далее »

ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ ЦИРК ЖАЙЛЫ СЕРИАЛ ТҮСІРІЛМЕК

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Сақ» киностудиясы мен «Шымкент-Цирк» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бірлесіп түсіретін «Манеж» сериалының алғашқы көрсетілімі бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде «Шымкент-Цирк» МКҚК-нің директоры Арман Алиев сериалдың мақсатын жеткізді. – Сериалды түсірудегі негізгі мақсат – цирк өнерін насихаттап, оның қаншалықты күрделі сала екенін көрсету. Фильмде әртістердің төккен тері, ғажайыптар құпиясы және ерекше бағдарламалары көрсетіледі. Осы ретте көрермен республикадағы үшінші ...

Читать далее »

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында жаңадан ашылған жастар денсаулық орталығының таныстырылымы өтті. №13 қалалық емхана базасында орналасқан орталықта гинеколог, уролог, психолог, әлеуметтік қызметкер сынды мамандар жұмыс істейді. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Бүгін аталған емхананың мамандары қала жастары мен БАҚ өкілдеріне орталықтың жұмысымен таныстырды. Мұнда 10-19 жас аралығындағы жастарға толықтай тегін қызмет көрсетілетін болды. Мамандар орталыққа келушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВ ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысымен танысты. Құрылыс жобасы инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке инвестордың («СКАТ» авиакомпаниясы) өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. «СКАТ» авиакомпаниясының президенті Владимир Денисов жаңа терминалдың өндірістік қуаты, транзиттік жолаушыларды тарту жоспарлары туралы, ...

Читать далее »

БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА ӨКПЕНІ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ықпалымен өкпе желдету аппараты орнатылды. Жаңа қондырғыны Дүниежүзілік Банк өз есебінен гуманитарлы көмек ретінде жеткізіп берген. «HAMILTON -G5» жасанды өкпені желдету аппаратын дәрігерлер жансақтау бөліміндегі науқастарды емдеу үшін қолданбақ. Қазіргі талаптарға сай заманауи аппарат ауыр респираторлық ауытқуы бар науқастарды емдеуде таптырмайтын құрал-жабдық болып есептеледі дейді мамандар. Айта кетейік, қаладағы медициналық ұйымдарда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ЖҮРЕГІНДЕ АХАУЫ БАР НАУҚАСҚА СТЕНТ-ГРАФТ ОРНАТУ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ

Шымкентте алғаш рет жүрек тұсында ахауы бар науқасқа стент-графт орнату отасы жасалды. Күрделі операцияны Нұр-Сұлтан қаласынан келген Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының дәрігерлері Арипов Марат пен Землянский Виктор жасады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Білікті мамандар операция кезінде қолқа аневризмасы және кеуде аневризмасы бар екі науқасқа хирургиялық жолмен стент-графт орнатып берді. Қолқаның саңылауын қалыпқа келтіретін түтікше медицинада стент-графт деп ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ 3 БАҒЫТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласында коронавирустың екінші кезеңіне дайындық шаралары жүріп жатыр. Коронавирус пандемиясының болжанып отырған жаңа толқынына дайын болу үшін провизорлық және инфекциялық стационарлардың жұмысын әзірлеу мақсатында арнайы 3 бағыт әзірленген. Бұл туралы бүгін онлайн режимде коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады. Әкімнің айтуынша, тұрақты эпидемиологиялық жағдай кезінде қаланың медицина ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ БЮДЖЕТТІ ИГЕРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

Мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінген республикалық бюджет қаржысын игеруде Шымкент қаласы еліміз бойынша көшбастап тұр. 2020 жылдың 1 қазанындағы есепті кезеңде бюджет қаржысы 100 пайызға иегерілген. Бұл туралы қаржы басқармасы мәлімдеді, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Мамандардың айтуынша, қаланың биылғы жалпы бюджеті 454,5 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 243,3 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінген. Бүгінгі таңда осы жылдың ...

Читать далее »

ЕЛБАСЫНЫҢ «АБАЙ АМАНАТЫ» МАҚАЛАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының ресми сайты Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Адамзат өркениетінің тарихы сан мәрте дәлелдегендей, ұлы тұлғалар көбіне көненің күйреп, жаңаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келеді. Жаратушы өз мейірі түскен ерекше жанның бойына нұрлы сипат дарытып, замананың сан алуан факторлары оның қайталанбас дара болмысын ...

Читать далее »