Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТКЕ ЖАҢА ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ ӘКЕЛІНУДЕ

Қазіргі таңда қала аумағында қоқыс тастайтын 490 қоқыс алаңшасы, 2039 қоқыс контейнері бар. Алайда олардың көбінің тозығы жеткен. Осы мақсатта қала әкімі Мұрат Әйтенов қоқыс салатын контейнерлерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңарту қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай, бүгінде Шымкентте көпқабатты тұрғын үй аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылуда. Жалпы осы жылы 1376 контейнер сатып алынбақ. Қазір олардың 376-сы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КАВАСАКИ АУРУЫ БАР БАЛАЛАР ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Шымкентте Кавасаки ауруы бар балалар тіркелген жоқ. Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Шымкентте екі, алты және жеті жастағы балаларда мультисистемалық қабыну синдромының 3 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта олардың екеуі ауруынан айығып үйіне шығарылды. Бір бала стационарлық ем алуда. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты, орташа ауыр деп бағалайды. Балалар мен жасөспірімдерде Covid-19-бен уақытша байланысты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН 20 150 ОТБАСЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен елімізде енгізілген карантинге байланысты Шымкент қаласында қашықтықтан, кезекшілік сыныптардың білім беру жағдайы бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде басқарма басшысы карантиндік режим кезінде қашықтан оқыту барысына тоқталды. – Қаладағы барлық мектептерде «Bilim Iand — Onlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқыту ұйымдастырылған. Сонымен қатар, олар ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚАНТТЫ КҮЛШЕ ШЫҒАРЫЛАДЫ

Қаламыздағы ірі кәсіпорындардың бірі «Рахат-Шымкент» фабрикасы қантты күлше шығаратын жаңа желісін іске қосты. Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, «Рахат» АҚ Басқарма төрағасы Константин Федорец қатысты. Жоба құны 3,2 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 2,6 млрд.теңге «Даму Өндіріс» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша алынған. Аталған кәсіпорын өткен жылы сәуір айында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасында жасалған меморандумға сәйкес ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОС НАУҚАСҚА БҮЙРЕК ТРАНСПЛАТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Дәрігерлер қос ананың бүйрегін науқас балаларына хирургиялық жолмен салып берді. Бейбіт Сидазимов 2 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігі дертімен есепте тұрады. Науқас бұған дейін төсекке таңылып, гемодиализ аппаратына қосылған. Бүйрегінде ақауы бар 33 жастағы азаматқа туған анасы донор болды. Дәрігерлер 1965 жылғы азаматшаның бір бүйрегін хирургиялық жолмен алып, туған ұлына сәтті ...

Читать далее »

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЖАС ҒАЛЫМ ОЙЛАП ТАПҚАН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің түлегі Азамат Қонысбай пандемия кезінде жаңа технология ойлап тапты. Ол суды, тұрмыстық және өндірістік үй-жайларды залалсыздандыруға арналған азон генераторын жасап шығарған екен. Жас технолог өз жұмысын қала әкімі Мұрат Әйтеновке таныстырды. — Озон генераторының құны 150 000 теңгені құрайды. Бұл санитарлық дезинфекция қызметін пайдаланудан шамамен 1 жылға есептегенде 25 есе арзан. Яғни технологияны ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «SHYMKENT BIKE» ВЕЛОСИПЕДТЕРІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР КӨБЕЮДЕ

Шымкент қаласында қыркүйек айының басында қайта іске қосылған «Shymkent bike» велостанцияларынан бүгінгі күнге дейін тұрғындар 4 324 рет велосипед жалға алған. Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстармен танысуы кезінде белгілі болды. Жобада 160 велосипеді бар 40 велостанция қарастырылған. Әзірге соның 31-і жұмыс істеп тұр. Қалған 9 станция алдағы уақытта іске қосылады. Қыркүйек айының басынан ...

Читать далее »

СПОРТ БАСҚАРМАСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан футбол федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қалалық спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов пен ҚФФ бұқаралық, балалар мен жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев қалада спорттың осы түрін дамыту бойынша бірлесе әрекет ету туралы келісімге келді. Меморандум аясында тараптар жастар, студенттер, мектеп оқушылары, ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Шаһар басшысы, алдымен, А-2 айналма жолындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін көпірді қайта құру жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыс 2018 жылдың қазан айында басталған. Жобаның жалпы құны 1 миллиард 916.3 миллион теңге. Соның 1 миллиард 167 миллионы биылғы жылы бөлінген. Көпір қараша айында пайдалануға беріледі. Кеңейіп, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 800 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛДІ

Биыл қала аумағына 800 мыңға жуық ағаш көшетін егу жоспарланған. Көктем айларында 71 253 дана ағаш көшеті отырғызылған. Ал күз мезгілінде 703 646 дана көшет сенбіліктер аясында егіледі. Сонымен қатар, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуынша, биыл 8 ай көлемінде 201,1 мың шаршы метр аумаққа жаздық гүл орындары мен 18,5 мың шаршы метр жерге газон орындары жасалған. Сондай-ақ, ...

Читать далее »