Мегаполис жаңалықтары

«ШАҢЫРАҚ» ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылған болатын. Бүгінде орталыққа арнайы ғимарат бөлініп, ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Наурыз айынан бастап қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім» орталығының жанынан «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы секторы құрылып, қазіргі таңда халыққа өз қызметін жаңа үлгіде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «АБАЙ СӨЗІ» ОНЛАЙН-ОҚУЛАРЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында Достастық елдері арасында қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай сөзі» онлайн–оқулары өз мәресіне жетті. Оған жалпы 253 адам қатысты. Оның ішінде ТМД елдерінен — 45, өзге мемлекеттерден — 21, елімізден 187 қатысушы ақынның туындыларын жолдады. Достастық елдерінен Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан Республикаларынан, сонымен қатар, Қытай ...

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Бүгін қала әкімі, Нұр Отан партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселеле рі бойынша кезекті рет онлайн режимде қабылдады. Онлайн-қабылдауға жазылған қала тұрғыны Шыңғыс Түлендибаев ауылшаруашылық техникасына арналған құрал-жабдықтар шығаратын және шойын, қола, жез, алюминий бұйымдарын құю зауытын ашқысы келетінін айтты. -Сіздің жобаңызды «Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асыруға мүмкіндік бар. Қажет болған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЖАС АБАЙТАНУШЫНЫҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Шымкент қаласында жас абайтанушы Әзімхан Исабек Абайдың 38-ші қара сөзі деп аталып келген «КИТАБ ТАСДИҚ» атты кітабын жарыққа шығарды. Ол өзінің туындысын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап отыр. Әзімхан Исабек 1996 жылы шым шаһарда дүниеге келген. Жас ғалым, әрі зерттеуші. Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы және Ақжол Қалшабек секілді профессорлардың шәкірті. Бүгінде ол М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ашылған «Мұхтартану» ғылыми орталығында ғылыми ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ШЫҒЫНЫ ӨТЕЛЕДІ

Шымкент қаласында төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеу туралы 28 236 азаматтың өтінімі мақұлданған. Осы мақсатта арнайы Call-орталығы ашылған болатын. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мамандарының айтуынша, аталған орталыққа 35 мыңға жуық адам қоңырау шалып, ақпараттық кеңес алған. Төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру қызметіне сәйкес мамыр-маусым айындағы жоспарланған 527 миллион теңге толығымен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АЛЛЕЯЛАРДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Биыл Шымкент қаласындағы бірқатар аллеяда абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Осыған орай қала әкімі Мұрат Әйтенов аллеяларды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Шаһар басшысы алдымен 2006 жылы бой көтерген «Шәмші әлемі» аллеясына барды. Аллеяның жалпы алаңы – 2,62 гектар. Мамандар тарапынан «Шәмші әлемі» аллеясына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аллея ішіндегі жаяу жүргіншілер жолының 80 пайызынан астам плиталық төсеніштері жөндеуді ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА БАЗАСЫНАН ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Бүгінгі таңда Шымкенттегі №2 қалалық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, аурухана ғимаратының корпустарын бөлшектеу, үй-жайларды (кабинет) алғашқы өңдеу, инженерлік коммуникацияларды қайта жүргізу және өзде де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме — «Югстройсервис-Н» ЖШС. Күрделі жөндеуден кейін аурухана базасынан қосымша инсульт орталығы мен нейрожарақат бөлімшесі ашылады деп жоспарланып отыр. Осыған сәйкес керекті медициналық құрал-жабдықтар мен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 2000 АДАМ КӘСІПТІК БІЛІМ АЛУДА

Шымкент қаласында кәсіптік оқыту негізінде халықтың еңбекпен қамтылуына мол мүмкіндік туып отыр. Кәсіптік оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды қамтиды. 2020 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты аясында Шымкент қаласының аумағындағы кәсіпорындардан, мекемелерден өтінімдер алынған болатын. Осыған орай еңбек нарығында ...

Читать далее »

BI GOUP ШЫМКЕНТКЕ 135 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ДАЙЫН

Өткен аптада BI Group компаниясы Шымкентте қаланың солтүстік бөлігінде 500 мың шаршы метр аумақта заманауи әкімшілік-тұрғын үй орамның құрылыс жобасын ұсынды. Бәйдібек би даңғылындағы ипподром орнында пайда болатын болашақ кешен тұжырымдамасының таныстырылымына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, компания басшысы Айдын Рахымбев қатысты. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев осы жобаны іске асырған жағдайда қаланың даму ...

Читать далее »

«ТЕПЛИЧНЫЙ РАЙ» АГРО-ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағындағы іске асырылатын жылыжайлардың құрылысы басталды. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов және жеке инвесторлар мен шаруақожалық иелері қатысты. Аталған агро-индустриялды аймақ Абай ауданындағы сауда-логистикалық орталық маңында орналасқан. Аумағы 136 гектарды құрайды. Жылыжайлардың құрылысы 2 кезеңді қамтиды. Атап айтқанда І–кезеңде 2020 – 2021 жылдар аралығында 30 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені салынады. 9,4 млрд. теңгені ...

Читать далее »