Елімізде Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, Шымкент қалалық білім басқармасы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті. Яғни, білім беру, әдістемелік семинар кеңестер, тіпті білім басшысын тағайындаудың өзі электронды форматта қашықтан өтуде. Бұл жайында қалалық білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиева баспасөз мәслихатында мәлімдеген еді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларымен апта сайын қашықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылып, кері байланыс сатысында жиналыс өткізу ...
Читать далее »Рухани жаңғыру
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 9 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттегі жаңадан бой көтеріп жатқан білім ошақтарының құрылысымен танысты. Мұрат Әйтенов алдымен Арғынбеков көшесінің бойынан салып жатқан 1200 орындық мектептегі құрылыс барысын көрді. Бүгінде «Атамекен корпорациясы» құрылысын жүргізіп жатқан ғимараттың қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған. 3 гектар жерге орналасқан мектептің құрылысына 1 млрд. 900 млн теңге қарастырылған. Мердігер компания нысанды қыркүйек айында тапсыруды жоспарлап отыр. Қала ...
Читать далее »ҚОНАЕВ КӨШЕСІН ҰЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Шымкент қаласындағы Асар шағын ауданынан 2016 жылы 5 қабатты 30 тұрғын үй салынған. Өкінішке қарай күні бүгінге дейін көпшілігінің сыртқы қасбеті бұзылып, көркі қашқан. Жергілікті тұрғындар қала әкімі алдында мәселені айтқанда, демеушілер есебінен жөндеп беруге уәде берген болатын. Қазіргі таңда сол үйлердің ірге тасын қалаған «АҚ ордасы» құрылыс компаниясы кепілдік мерзімінің өтіп кеткеніне қарамай өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын бастап ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ 400 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ
Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара шеңберінде «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймағының директоры Рысбек Бертаев Шымкенттегі 400 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті. «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер көмекті дер кезінде сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен жеткізіп берді.
Читать далее »КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМ БОЙЫНША САLL-ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу мақсатында (15 мың теңге) азаматтарға кеңес беру үшін 29.04.2020 жылдан бастап Call-орталығы жұмысын бастады. Орталық таңғы 9:00-18:00-ге дейін, үзіліссіз жұмыс істейді. 15 мың теңгеден берілетін әлеуметтік көмек бойынша туындаған сауалдар болса, енді 8(7252) 39-23-68 нөміріне хабарласуларыңызға болады. Айта кетсек, мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде коммуналдық шығыны үшін төлем алушылардың келесі санаттары айқындалған. Олар: — ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ
Алдағы үш жылда Шымент қаласында жол мәселесі толық шешімін тауып, биыл қала шетіндегі топырақ жолдарға шағал тас төселеді. Бүгін Абай ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, жергілікті халықпен жүздескен қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. — Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше мән беріп отыр. Биыл қазынадан миллионды қалаға 440 млрд. теңге қаржы бөлінді. Қаралған қаражат мақсатты ...
Читать далее »МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНА ҚОСЫМША СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ
Шымкенттегі 4 бірдей медициналық мекемеде өз денсаулығына төнген қауіпке қарамастан өзгенің саулығы үшін тынымсыз еңбек етіп жатқан 500-ден астам қызметкерге қосымша сыйақы тағайындалды. Демеушілер есебінен жиналған 25 млн. теңге қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен №2 қалалық аурухана қызметкерлеріне берілді. Сыйақыдан «Мейірім» және «Атамекен» оңалту орталығында карантин режиінде тоқтаусыз еңбектеніп жүрген медицина мамандары да тыс қалмады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен ...
Читать далее »«BIRGEMIZ» ҚОРЫ ШЫМКЕНТТІК 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМҒА 50 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры құрылып, Республика бойынша көмекке аса мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден үлестіріліп жатқаны баршаға белгілі. Осы көмекке Шымкент қаласы бойынша 21 864 отбасы қол жеткізді. Алдағы уақытта тағы да 19 766 отбасы 50 мың теңгемен қамтылатын болады. Қазіргі таңда тiзiм бойынша қаражат бөлу процессі жүрiп жатыр. Айта кетсек, күні кеше ...
Читать далее »АМАНДАС, ЗАМАНДАС!
«Сәлем – сөздің анасы» дейді біздің қазақ. Үлкенге сәлем беріп, алғысын алу – қазақ салт-дәстүрінің ең озық түрі. Сәлемі түзу балаға үлкендер «Көсегең көгерсін, жүз жаса, бақытты бол» деп алғыс айтқан. Дұрыс амандаспаса, «үлкенді сыйлай білмейді, көргенсіздің баласы» деп ата-анасын кінәлаған. Осылай баласына қарап, ата-анасына баға берген. «Атаңа сәлем бер», «Әжеңмен амандас», «Оң қолыңды беріп амандас» деп жастайынан үйреткен. Құран ...
Читать далее »СЕНІМ БАР ЖЕРДЕ, ҚОЛДАУ БАР ЖЕРДЕ ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢІП ШЫҒАМЫЗ
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған Үндеуін оқи отырып, Мемлекет басшысының төтенше жағдай мерзімін ұзартуда дұрыс шешімге келгенін байқадым. Қазіргі кезде коронавирустың екпіні әлі тоқтамай отырғаны бәрімізге белгілі. Егер дер кезінде дұрыс шешім қабылданбаса, осынша уақыт атқарған жұмыс зая кетер еді. Ел Президентінің сөзінше қазіргі уақытта ең бірінші адам өмірі мен қауіпсіздігі басты назарда. Қауіпті вирус басталған шақта дер ...
Читать далее »