Рухани жаңғыру

ОНЛАЙН МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Сіздерді, 20-26 сәуір аралығында үйде отырып Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы жоспарлаған онлайн іс-шараларды тікелей эфирде көруге шақырамыз.

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

Әлем жұртшылығын алаңдатқан коронавирусқа қарсы сақтық шаралары Шымкент қаласында да күшейтіліп жатыр. Бүгінгі таңда жергілікті билік қосымша профилактикалық шараларды қолға алды. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Оңтүстік – халқы тығыз орналасқан өңір. Сондықтан індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз» деп, жергілікті атқарушы органдарға карантин шараларының орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырған болатын. ...

Читать далее »

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАЖЕТТІ ЖАНАРМАЙ ҚҰНЫ ТӨМЕНДЕДІ

Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанаржағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақтылы алып жатыр. Тапшылық жоқ. Қала әкімі Мұрат Әйтеновпен жүздескен шаруалар осылай деді. Шымкентте ауылшаруашылығы өндіріспен қатар дамып келеді. Жалпы қала аумағында 62 мың гектардан астам жер бар. Биыл егіс алқабын өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға ұлғайтып, 27,6 мың гектарға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫЖАЙҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК

Алдағы бірер жылда Шымкент маңайында жылыжай шаруашылығы дамиды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жергілікті шаруалармен жүздесуінде айтылды. Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 136 гектар жер қарастырылыпты. Оның 100 гектары өнеркәсіптік кешен болады. Қалғанын инфрақұрылым қамтиды. Жоба жүзеге асса мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, жұрт жыл он екі ай көкөніспен қамтылатын болады, дейді қалалық ауыл ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

Шымкент қаласының кәсіпкерлері өздері қиын жағдайға тап болғанына қарамастан, қайырымдылық жасауда. Жомарт азаматтар 12 балалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл отбасы осыған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген еді. Азаматтық танытқан жандар – қаладағы танымал кәсіпкер Қайрат Молдасейітов басқаратын Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелері. Палата мүшелері өткен жылдың соңында қиын жағдайға тап болған осы отбасының жағдайы туралы біліп, ...

Читать далее »

42 500 ТЕҢГЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛҒАН ТІГІНШІ АЛҒЫС АЙТТЫ

Шымкентте табысынан айырылып, кәсібін тоқтатқандарға мемлекет тарапынан ең төменгі мөлшерде қолдау көрсетілуде. Тігіншілікпен жеке кәсібін дөңгелетіп келген қала тұрғыны Айгүл Акимова да әлеуметтік қолдауға ие болды. Он саусағынан өнер тамған ісмердің шағын шеберханасы елдегі төтенше жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқан болатын. Бұған дейін «Бизнес-бастау» жобасына қатысып, қаржылық көмектің нәтижесінде тігін шеберханасын ашқан жерлесіміз үкімет тағайындаған әлеуметтік көмекті зор ықыласпен қабыл алғанын ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ – БАҚТЫБАЙ БАЙБӨРИЕВ

37 жасар полиция майоры Бақтыбай Байбөриев Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аянбай қызмет етіп, алдыңғы қатарда жүр. Абдулабад тұрғын алабында орнатылған блок-бекетте күнделікті жұмыс істейтін полицейдің міндеті – жұқпалы індеттің алдын алу, азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, рұқсат берілген көліктер мен азаматтарды жіті тексеру. Сын сағатта уақытпен санаспай күшейтілген режимде жұмыс істеп жүрген барлық мамандардың түпкі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА 600 МЫҢНАН АСТАМ БЕТПЕРДЕ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан келген 1 миллион бетперде халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға тегін таратылуда. Күні кеше «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері гуманитарлық көмекпен Қайнарбұлақ, Бозарық, Азат шағынауданында болды. Бүгін қайырымдылық шара Игілік, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Қызылжар елдімекендерінде жалғасып, партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері және еріктілер тұрғындарға тегін медициналық бетперделерді ...

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАРҒА 6 МЫҢ БЕТПЕРДЕ ТЕГІН ҮЛЕСТІРІЛДІ

Қаратау ауданында төтенше жағдайға байланысты арнайы әскери мамандардың көмегімен халық көп шоғырланатын аумақтарға тұрақты түрде дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, әр төрт күнде бір рет барлық шағынаудандар мен тұрғын алаптарда залалсыздандыру жұмыстары жүруде. Көпқабатты тұрғын үйлердің дәліздері, жеделсатылары және тұрғын үйлердің аумақтары химиялық өңдеуден өтуде. «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын көмекке аса мұқтаж 6101 азаматтың есеп-шотына 50 ...

Читать далее »

«SHYMKENT CITY» ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРІ МАУСЫМ АЙЫНДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Биыл тамыз айында «Shymkent City» қалашығында 1048 пәтерлі 16 кредиттік тұрғын үй мен 2 инженерлік инфрақұрылым нысаны пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, ағымдағы жылы қалашықта 4,3 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 13,8 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылысы аяқталмақ. Таяуда Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов жаңа қалашықтағы салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап көрген болатын. Шаһар басшысы өз сөзінде қажетті құрылыс материалдарын тасымалдаушы көліктерге ...

Читать далее »