Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани Қазына – 2020» республикалық байқауында «Шымкент қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Үздік мәдениет үйі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық музейде байқау жеңімпаздарын марапаттады. Әр номинация бойынша жеңімпаз ұжымға 1 000 000 теңге, әр номинация бойынша жеңген жекелей азаматқа 500 000 теңге табысталды. Жалпы ...
Читать далее »Мәдени Астана
ШЫМКЕНТ: «INTELLECTUALDY ULT» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева және «Еркін ой» газетінің бас редакторы Балтабек Түйетаевтың қатысуымен «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасы бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Жанар Әлібекқызы, ең алдымен, «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасының мақсаты жайында жан-жақты жеткізді. – Бұл жобаның мақсаты жастарды зияткерлік спорт түріне баулуға бағытталған. Яғни, шахмат, тоғызқұмалақ және дойбы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ 5 МЛРД 200 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ БАҒАЛАНЫП ОТЫР
Шымкентте әуежай сатылады деген хабар қоғамда резонанс тудырғаны рас. Енді осы жағдайға түсініктеме бере кетсек. Жалпы қаламыздың әуежайы 2015 жылы Үкіметтің қаулысымен жекешелендірілетін объектілер тізбегіне енгізілген. Аталған қаулыға сәйкес, әуежай 2018 жылы жекешелендіруге өтуі керек болған. Алайда түрлі себептермен бұл шаруа шегеріліп, ақырында 2020 жылға дейін жетті. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, 18 қыркүйек күні республикалық БАҚ-та хабарландыру берілген. ...
Читать далее »ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ ЦИРК ЖАЙЛЫ СЕРИАЛ ТҮСІРІЛМЕК
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Сақ» киностудиясы мен «Шымкент-Цирк» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бірлесіп түсіретін «Манеж» сериалының алғашқы көрсетілімі бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде «Шымкент-Цирк» МКҚК-нің директоры Арман Алиев сериалдың мақсатын жеткізді. – Сериалды түсірудегі негізгі мақсат – цирк өнерін насихаттап, оның қаншалықты күрделі сала екенін көрсету. Фильмде әртістердің төккен тері, ғажайыптар құпиясы және ерекше бағдарламалары көрсетіледі. Осы ретте көрермен республикадағы үшінші ...
Читать далее »ДОСТАСТЫҚ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ӨТКЕН ӨНЕРЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Шымкентте «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы» жылы аясында «Шымкент – қайырымды қала» балалар шығармашылығына арналған онлайн-фестиваль өз мәресіне жетті. Достастық елдері арасында өткен шараға 6 жастан 15 жасқа дейінгі жалпы саны 500-ге жуық бала қатысты. Оның ішінде ТМД елдерінен 20 бала, Қазақстан Республикасынан – 479 қатысушы үш номинация бойынша өз шығармаларын жолдады. Фестивалдің бағдарламасы «Вокалдық шығармашылық», «Аспапта орындау», «Бейнелеу өнері» ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СЫЙЫ – ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Түркістан қаласындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Шымкент қаласының сыйы – ғылыми-әмбебап кітапхананың бүгінде сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Кітапханада 250 мың кітап қоры болады. Оқу залы 392 орынға лайықталған. Үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы 8414 шаршы метрді құрайды, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Кітапханада біршама технологиялық шешімдер қарастырылған. Мәселен, келуші экранды басып, қажетті ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ
Шымкент қаласында жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес 28 қыркүйектен бастап қаладағы барлық театр өз көрермендері үшін қайта есігін ашты. Бүгінгі таңда қалада 6 театр және 1 мәдениет үйі жұмыс жасайды. Жаңа маусымда қала тұрғындары мен қонақтарын түрлі премьераларымен қуантпақ. Атап айтқанда, Өзбек драма театры 29-30 қыркүйек күндері «Әпендізада» комедиясын ұсынады. Ал Шымкент қалалық академиялық драма театрында 7-9 қазанда көптен күткен 87-ші ...
Читать далее »Нұрсұлтан Назарбаев «Шымкент ескі қалашығы» археологиялық нысанында болды
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын «Шымкент ескі қалашығы» тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды. Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады. Сондай-ақ шара аясында қала әкімі М.Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен ...
Читать далее »МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы лауазымына Есенова Ханзада Әзімханқызы тағайындалды. Ханзада Әзімханқызы 1972 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика және мәдениет институтын, 2015 жылы Ресей білім академиясы Өнер және мәдениеттану институтын, 2016 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы — ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ЖАҢА ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ ӘКЕЛІНУДЕ
Қазіргі таңда қала аумағында қоқыс тастайтын 490 қоқыс алаңшасы, 2039 қоқыс контейнері бар. Алайда олардың көбінің тозығы жеткен. Осы мақсатта қала әкімі Мұрат Әйтенов қоқыс салатын контейнерлерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңарту қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай, бүгінде Шымкентте көпқабатты тұрғын үй аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылуда. Жалпы осы жылы 1376 контейнер сатып алынбақ. Қазір олардың 376-сы ...
Читать далее »