Мәдени Астана

ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНЕ LED ЖАРЫҚШАМДАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Шымкентте 50 мыңға жуық түнгі жарықтандыру шамдары бар. Оларға тозуының алдын алу мақсатында үнемі күтім жасалынып тұрады. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта құру және күтіп ұстау жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жобада жарықшамдарды энергия үнемдейтін LED шамдарына ауыстыру, сыртқы жарықтандыру желілерінің тозуын төмендету қарастырылған. Қазіргі таңда бұған қатысты конкурс өткізу жұмыстары қолға алынған. Одан бөлек, ...

Читать далее »

ДЕНДРОСАЯБАҚҚА 81 ТҮРЛІ ЖАҢА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың гендік қорын көбейту мақсатында интродуценттердің, яғни жаңа ағаш түрлерінің 42 түрінен 200 дана көшет, 39 түрінен 5 341 дана ағаш-бұта егілді. Мұнда Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаш-бұталардың 7 түрі, ал сирек кездесетіндердің 61 түрі бар. Саябақ аумағындағы ағаш-бұталардың жалпы саны 100 мың данадан асады. Қазіргі таңда тұқымбақта 62 түрлі ағаш-бұта түрлерінен 8 469 ...

Читать далее »

«HR-PROCESS» — ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Шымкентте алғаш рет педагогтар мен білім ұйымдарының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау бойынша «HR-Process» жүйесі енгізілді. Яғни, білім саласының кадрларын іріктеудің автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі. «HR-Process» жүйесі педогогикалық бос орынға өтініш беру және өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, сонымен қатар, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға арналған. Педагогикалық құрамды іріктеуді автоматтандырудың мақсаты мен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТКЕ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. Сапар барысында комитет төрағасы шаһардың бірнеше туристік нысандарын аралап, сала мамандарымен кездесті. Құрметті қонақ ең алдымен қаланың қақ ортасындағы бұлақ суы – Қошқар ата өзеніне, оның жанындағы көптеген танымал, тарихи және мәдени серуендердің бастауы болатын Ордабасы алаңына, ежелгі Цитадель мен Тәуелсіздік саябағына ат басын ...

Читать далее »

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ «CALL» ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Шымкент қаласында халықаралық стандарттарға сай жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының «Call» орталығы ашылды. Қалаға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ҚР Парламенті Сенатынының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова және ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният орталықтың жұмысымен танысты. 103-ке келіп түсетін қоңыраулардың барлығын диспетчерлер жаңадан ашылған орталықта қабылдап, бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы бақылай алады. Қоңырау қабылдау орындары екі ...

Читать далее »

ШӘМШІ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін композитор, Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осыған орай, қала әкімі Мұрат Әйтенов пен бір топ өнер адамдары Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі сазгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Нақтырақ айтқанда, шараға қала әкімінен өзге композитор-әнші Құралай Сәтмұхамбетова, композитор, Шымкент қалалық мәдениет үйінің директоры Нұрлан Ыдырысұлы Адильханов, композитор Қалдыбек Құрманәлі, мәдениет қайраткері, Шымкент қалалық опера және балет театрының әншісі Үрәлхан Сейілбекова қатысты. ...

Читать далее »

ТЕКЕСУДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің қаладан шалғай орналасқан елдімекендерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданындағы Текесу тұрғын алабында инфрақұрылым мәселесі өз шешімін тапты. Анығырақ айтар болсақ, ағымдағы жылы аталған тұрғын алапқа шағал тас төселіп, 3 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал өткен жылы негізгі көшесіне демеушілер тарапынан жарық бағаналары орнатылған болатын. Бұған дейін тұрғындар электр және газ жүйесімен ...

Читать далее »

ЖЕТІ АЙДА 1500-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Бұл жөнінде қалалық құрылыс басқармасы мәлімдеді. Ағымдағы жылдың 7 айдың қорытындысымен 1 416 пәтерлі 20 кредиттік тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде, 8– әкімшілік-іскерлік орталығында, 12 – Шымкент сити шағын ауданында орналасқан. Тамыз айында Шымкент сити шағын ауданында 10,5 мың шаршы метрді құрайтын 160 пәтерлі 4 үй тапсырылады деп жоспарлануда. Биыл жалпы 612 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру ...

Читать далее »

2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН КӨШЕЛЕРГЕ 100 ПАЙЫЗ АТАУ БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер саласын дамыту масатында 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Онда 2022 жылға дейін қаланың құрамдас бөліктері мен атауы жоқ және қайталанатын көшелерге толығымен жаңа атау беру жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру барысында қаланың мәдениеті мен өнерін шетелдерге таныстыру үшін басқа өңір мекемелерімен ынтымақтастық меморандумдарын түзу қолға алынған. Бұл тұрғыда 2021 жылы «Түркі әлемінің Ұлттық ...

Читать далее »

ЖАСТАР – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Бүгін халықаралық жастар күні. Атаулы датаның маңызы жылдан жылға артып келеді. Жастар қоғамның қозғаушы күші. Өз білім-білігіне сенген жас қана өмірден өз орнын таппақ. Шымкент – жастар қаласы. Алып шаһарда жастар саялайтын, бір-бірімен тәжірибе алмасатын, өз біліктіліктерін дамытатын орындардың санын көбейту қажет. Ол – жастар саятындағы басым бағыттардың бірі. Таяуда қала әкімі волонтерлік және жастар ұйымдары басшыларымен кездесуде осыған назар ...

Читать далее »