Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Дәрігерлер қос ананың бүйрегін науқас балаларына хирургиялық жолмен салып берді. Бейбіт Сидазимов 2 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігі дертімен есепте тұрады. Науқас бұған дейін төсекке таңылып, гемодиализ аппаратына қосылған. Бүйрегінде ақауы бар 33 жастағы азаматқа туған анасы донор болды. Дәрігерлер 1965 жылғы азаматшаның бір бүйрегін хирургиялық жолмен алып, туған ұлына сәтті ...
Читать далее »медицина
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЖАС ҒАЛЫМ ОЙЛАП ТАПҚАН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің түлегі Азамат Қонысбай пандемия кезінде жаңа технология ойлап тапты. Ол суды, тұрмыстық және өндірістік үй-жайларды залалсыздандыруға арналған азон генераторын жасап шығарған екен. Жас технолог өз жұмысын қала әкімі Мұрат Әйтеновке таныстырды. — Озон генераторының құны 150 000 теңгені құрайды. Бұл санитарлық дезинфекция қызметін пайдаланудан шамамен 1 жылға есептегенде 25 есе арзан. Яғни технологияны ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНКЛЮЗИВТІ СЕКЦИЯЛАР АШЫЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласындағы №80 мектепте мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы отбасылардың балаларына арналған бейімді және инклюзивті спорт секцияларының ресми түрде ашылуы өтті. Секция «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры жүзеге асыратын «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасының аясында іске қосылып отыр. Жоба Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Ал биыл Шымкент қаласы мен басқа да өңірлерде басталды. Жобаның ашылу салтанатына ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛДЫ
Биыл шымкенттіктерді тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 128 963 доза вакцина сатып алынды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше қосымша 109 432 дозаға өтініш берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп екенін айтуда. Тұмауға қарсы вакцинация жергілікті мекенжайы бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүргізіледі. •Вакцинация созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар; • медициналық қызметкерлер; •жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі); ...
Читать далее »АУРУХАНАЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Шымкент қаласының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін пайдалануға алды. Бұған дейін қалаға өкпені жасанды желдету аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын. Атап айтқанда, қалаға 10 оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр және бір өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ) жеткізілді. Сондай-ақ, Shevrolet Damas маркалы 3 жедел жәрдем көлігі келді. Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ...
Читать далее »КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
Шымкент қаласында COVID-19 және вирустық пневмонияның ықтимал өршуіне медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу-жаттығу өтті. Ондағы мақсат — қаланың барлық медициналық ұйымдарын коронавирустық инфекциямен күреске дайындығын барынша пысықтау. Іс-шараға инфекциялық және провизорлық стационарлармен қатар меншік нысанына қарамастан барлық БСМК (бастапқы медициналық санитарлық көмек) ұйымдары қатысты. Оқу-жаттығу жұмыстарына 36 БМСК ұйым, 9 диагностикалық орталық, 7 ПТР зертханасы жұмылдырылды. Онда науқастың шақыртуының ...
Читать далее »КӘСІПКЕР 10 ДАНА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ
Қоғамда қолы ашық, жомарт азаматтар аз емес. Бүгінгі індет кезінде кәсіпкерлер де жұмыла, демеушілікке үлесін қосуда. Пандемияны бірлігімізбен, жақынымызға жанашыр болумен жеңеміз. Шымкентте кәсіпкер азамат осындай жақсы іске ұйытқы болды. «Тұлпар» автобөлшек базарының директоры Нұрлан Қоңыратбаев Шымкент қалалық № 1 ауруханасына 10 дана өкпені жасанды желдету аппаратын өз қаржысы есебінен сыйға тартты. Бұл қайырымдылық іс-шарасын Абай ауданы әкімі аппараты ұйымдастырғанын ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ғалымжан Әбішев мәлімдеді. – Елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының (МСАК) жыл сайынғы еркін таңдау бойынша тіркеу кампаниясы басталуда. Оған тұрғындар екі ай ішінде (15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін) тіркеле алады. Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылауы үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерде таңдау ұсынылуда. Яғни, емхана ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА БАЗАСЫНАН ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
Бүгінгі таңда Шымкенттегі №2 қалалық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, аурухана ғимаратының корпустарын бөлшектеу, үй-жайларды (кабинет) алғашқы өңдеу, инженерлік коммуникацияларды қайта жүргізу және өзде де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме — «Югстройсервис-Н» ЖШС. Күрделі жөндеуден кейін аурухана базасынан қосымша инсульт орталығы мен нейрожарақат бөлімшесі ашылады деп жоспарланып отыр. Осыған сәйкес керекті медициналық құрал-жабдықтар мен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ТОЛЫҒЫМЕН ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШТІ
Шымкент қаласындағы жедел жәрдем қызметі елімізде алғашқылардың бірі болып толықтай цифрлық жүйеге көшкен болатын. Жедел жәрдем қызметіндегі қағазбастылықты жою мақсатында мамандардың барлығы смартфонмен қамтылған. Ондағы бригаданы шақырту картасы, учаскелік дәрігердің дабыл қағазы және жедел медициналық жәрдем станциясының ілеспе парағы смартфонға енгізіледі. Осы арқылы қызметкерлер орталық станцияға келмей-ақ, қолындағы смартфон арқылы тікелей шақыртуға бара алады. Бұл өз кезегінде мамандардың уақытын үнемдеуге ...
Читать далее »