Архив меток: Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНКЛЮЗИВТІ СЕКЦИЯЛАР АШЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы №80 мектепте мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы отбасылардың балаларына арналған бейімді және инклюзивті спорт секцияларының ресми түрде ашылуы өтті. Секция «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры жүзеге асыратын «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасының аясында іске қосылып отыр. Жоба Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Ал биыл Шымкент қаласы мен басқа да өңірлерде басталды. Жобаның ашылу салтанатына ...

Читать далее »

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 20 МЫҢНАН АСА АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкент қаласында биылғы 8 ай ішінде «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 20 471 адам жұмыспен қамтылды. Бағдарламаның бірінші бағыты — инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған. Шымкентте осы бағыт бойынша 3 196 азаматты тегін кәсіби оқуға жолдау жоспарланған. Бүгінде нақты 2 000 адам қысқа мерзімге кәсіптік оқытуға жолданса, 1 196 адам техникалық және кәсіби білімі бар кадрлар ...

Читать далее »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР СЕНБІ КҮНІ ДЕ ЖҮРЕТІН БОЛДЫ

Шымкент қаласының аумағында 14 қыркүйектен бастап 28 қыркүйекке дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, карантиндік шектеу шараларына бірқатар өзгерістер енгізілді. Жаңа Қаулыдағы негізгі өзгерістер ретін атап өтсек. СПА орталықтары, әсемдік салондар, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер жұмысы таңғы сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін ұзартылды. Ал қоғамдық көлік қозғалысына жұмыс күндерімен қоса сенбі күні ...

Читать далее »

АБАЙ-175: ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ СЕМЕЙ ЖЕРІНЕ АТТАНДЫ

Қазақтың бас ақыны һакім Абайдың 175 жылдығына орай Шымкент қаласы және Түркістан облысынан мәдениет саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің өкілдері, журналистер мен блогерлер бар арнайы делегация ұлы Абай еліне аттанды. Делегацияны әуежайдан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сәт-сапар тілеп, шығарып салды. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған сапар 15-17 қыркүйек аралығын қамтиды. Шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ 28 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласында карантиндік шектеу шаралары әлі де өз күшінде. Бетперделік режим мен санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Дегенмен қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сауда-саттық және коммерциялық бағыттағы нысандардың жұмысына рұқсат берілді. Олар қаулыға сәйкес санитарлық талапты сақтай отырып, тек жұмыс күндері қызмет ете алады. Мереке және демалыс күндері жұмысы тоқтатылады. Қоғамдық көлік қозғалысы да шектеледі. Олар дүйсенбі мен сенбі аралығында ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала маңынан салынып жатқан күн электр станциясына барып, қуаттылығы 20 МВат болатын нысанның құрылысымен танысты. Электр энергиясын өндіретін нысанның құрылысын әкімдік пен «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ-ның қолдауымен ресейлік инвесторлар «Хевел» компаниясы жүзеге асырып жатыр. 50 гектар жерге салынып жатқан жобаның құны 6,2 млрд теңгені құрайды. Мамандардың айтуынша, мұнда 49 мыңнан астам күн модульдерінен тұрады екен. Жылына ...

Читать далее »

«ШАҢЫРАҚ» ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылған болатын. Бүгінде орталыққа арнайы ғимарат бөлініп, ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Наурыз айынан бастап қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім» орталығының жанынан «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы секторы құрылып, қазіргі таңда халыққа өз қызметін жаңа үлгіде ...

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Бүгін қала әкімі, Нұр Отан партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселеле рі бойынша кезекті рет онлайн режимде қабылдады. Онлайн-қабылдауға жазылған қала тұрғыны Шыңғыс Түлендибаев ауылшаруашылық техникасына арналған құрал-жабдықтар шығаратын және шойын, қола, жез, алюминий бұйымдарын құю зауытын ашқысы келетінін айтты. -Сіздің жобаңызды «Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асыруға мүмкіндік бар. Қажет болған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АЛЛЕЯЛАРДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Биыл Шымкент қаласындағы бірқатар аллеяда абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Осыған орай қала әкімі Мұрат Әйтенов аллеяларды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Шаһар басшысы алдымен 2006 жылы бой көтерген «Шәмші әлемі» аллеясына барды. Аллеяның жалпы алаңы – 2,62 гектар. Мамандар тарапынан «Шәмші әлемі» аллеясына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аллея ішіндегі жаяу жүргіншілер жолының 80 пайызынан астам плиталық төсеніштері жөндеуді ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 2000 АДАМ КӘСІПТІК БІЛІМ АЛУДА

Шымкент қаласында кәсіптік оқыту негізінде халықтың еңбекпен қамтылуына мол мүмкіндік туып отыр. Кәсіптік оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды қамтиды. 2020 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты аясында Шымкент қаласының аумағындағы кәсіпорындардан, мекемелерден өтінімдер алынған болатын. Осыған орай еңбек нарығында ...

Читать далее »