Архив меток: Шымкент

ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ БИЫЛ АЯҚТАЛАДЫ

Теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары қазір қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге қайта құру жұмыстарының барысын қадағалады. Халық санының жылдан-жылға артуы мен қалаға келетін туристердің көбеюі жұмыс жүктемесін арттырып қана қоймай, сервистік қызметті жақсартуды талап етуде. Реконструкциялау жобасына сәйкес, теміржол вокзалының аумағы 2249,33 шаршы метрге ұлғаяды. Ғимараттың жолаушы өткізу қабілеті қазір сағатына 2 мың адамды құрайды. Қайта ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫ

Жұмыс берушілер қала тұрғындарын «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстарға қабылдайды. Жұмысшылардың еңбек ақысы бағдарлама талаптарына қарай мемлекет есебінен толығымен немесе ішінара төленеді. Қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жыл басынан бері 5 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Жалпы, жыл соңына дейін тағы 500-ден астам адамды субсидияланатын жұмыс ...

Читать далее »

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ ҮШ ЖЫЛДА 144 СПОРТ НЫСАНЫ САЛЫНҒАН

Бұқаралық спорт халық арасында жаппай белең алу үшін қажетті спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу керектігі белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 1077-ге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 144 спорт нысанға артқан. 2021 жылы қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарда спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 115 спорт алаңшаның құрылысы жүргізілді. Оның 14-і демеушілер есебінен, қалған 101 спорт алаңшаның құрылысына бюджеттен 2 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 12 ІРІ КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент еліміздің үшінші мегаорталығы ретінде халық санының демографиялық өсуі жағынан, инвестициялық динамикалық көрсеткіштері жағынан да белсенді дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласының аумағында отандық өнім өрісі кеңейіп, құрылыс, түсті металлургия, фармакология, кондитерлік салаларда кәсіпорындар саны артып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту қарқын алды. Сонымен Шымкент қаласында соңғы 3 жылда іске қосылған ірі жобалар тізімі: 2020 жылғы отандық өнімдер: 1. «Sin Yuan ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕР ТАЗА АУЫЗ СУ, САПАЛЫ ЖАРЫҚ, КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Мегаполисте инфрақұрылым саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, қала тұрғындары сапалы электр энергиясы, табиғи газ, ауыз сумен қамтылып, елдімекендер кәріз жүйесіне қосылып, тозығы жеткен жылу құбырлары жаңартылады. Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы отырысында 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы есебінде қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Ердембеков ...

Читать далее »

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» – ТҰРҒЫНДАР ҮШІН

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында кезекті рет «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Бұл жолы партияға келген тұрғындардың заң аясында туындаған мәселерінің шешу жолдарын қалалық Әділет басқармасының қызметкерлері, Zangerler Palatasi заң консультанты Ақылбекова Ақниет Абдразаққызы және адвокат Тлеуов Ерлан Алибекұлы қарастырды. Олар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету бойынша кеңес берді. Мәселен, Тассай ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындауға бағытталған қалалық Жол картасын таныстырды. Халықтың өмір сапасын көтеруге, табысын еселеп, өмір сүру жағдайын жасап, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының қолжетімділігін арттыру, экологиялық ахуалды жақсартуды көздеген бағдарламаны орындауға жетелейтін Жол картасы 4 басымдық, 100 ...

Читать далее »

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында әлеуметтік көмек көрсетті

«AMANAT» партиясының белсенді мүшелері «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік қорғалуынан хабардар болып, ұдайы оларға жасалған жағдайларды біліп, қадағалап тұрады. Партияның қоғамдық қабылдауларына аталмыш жоба бойынша емделу, әлеуметтік көмек алу мәселелерімен келетіндер де аз емес. Партияластар жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созуды назардан тыс қалдырған емес. Бүгін де жомарт жандар, жеке кәсіпкерлер Оңалбек Даяс, Ережепов Нұралы, Ошақбаев ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Онда 5 жылға арналған үшінші мегаполисті дамытудың Жол картасы талқыланып, бекітілді. Саяси Кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанаты, партияластар мен БАҚ өкілдері қатысқан мәжілісті қалалық филиал және мәслихат төрағасы НАРЫМБЕТОВ Бахадыр Мәдәліұлы ашып, жүргізді. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын ...

Читать далее »

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті. Кеңес жұмысын «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Айтбаев Ерлан Садырбайұлы жүргізіп, аймақтық кеңестің жаңа құрамымен таныстырды. Шымкент қалалық Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің төрағасы болып Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы тағайындалды. Кеңес отырысына «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы, Шымкент қалалық ...

Читать далее »