Архив меток: Шымкент білім

ШЫМКЕНТТЕ АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА 85 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласында халықтың миграциялық және демографиялық өсіміне байланысты жыл сайын оқушы саны 15 мыңға артуда. Биылдың өзінде мектепте орын тапшылығы 23 мыңға жеткен. Бұл өсім бес жылда 75 мыңға жетеді. Ал, кешенді жоспар бойынша 2025 жылға дейін 64 900 орынға арналған 85 мектеп құрылысы жоспарланған. –Қалған 10 000-ға жуық орынды кәсіпкерлер ғимараттарын қайта құрылымдау, жалға алу арқылы жекеменшік мектептер ашу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ТӘРТІПТЕ 354 ПЕДАГОГ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиеваның білім саласында атқарған жұмысы жөнінде есебін тыңдады. А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында өткен есепті жиыннан алдын қала әкімі қаладағы мектеп басшыларымен кездесіп, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Жанат Арысбекқызы қала әкіміне жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Басқарма басшысының сөзінше биыл педагогтарды жұмысқа қабылдауда іріктеу тәртібі автоматтырылған жүйеде жүзеге ...

Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ 1200 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкент қаласында тағы бір білім ордасы пайдалануға берілді. Асар-2 шағынауданында 1200 орынға арналған жаңа мектеп онлайн форматта ашылды. Жер телімінің жалпы ауданы – 2,88 га. Жобаның сметалық құны – 2 008 314,0 мың теңге. Бас мердігер «МК технострой сервис» ЖШС құрылысты өткен жылы шілде айында бастаған еді. Құрылыс компаниясы нысанды жоспарға сай аяқтады. Жалпы Шымкент қаласының білім ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 10 ҮЗДІК ЖАСҚА «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында10 оқушыға «Елбасы медалін» табыстады. «Елбасы Медалі» байқауы қоғамның түрлі саласындағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған. Марапаттау жас ерекшелігіне қарай үш деңгейде: қола 14, күміс 15, ал, алтын 16 жастан бастап белгіленген. Жеңімпаздар «Спорт және дене шынықтыру», «Дарын мен дағды», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар», «Кітап оқу», «Ұлттық мұра» және «Еңбек тәжірибесі» ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкентте жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Шым сити» шағынауданында орналасқан №135 жалпы орта білім беретін мектеп 1200 орынға арналған. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан салынған білім нысанымен танысып, ғимаратты аралап көрді. Қала әкімі мектептің лингафонды кабинеті, бастауыш сынып, ер балаларға арналған технология кабинетімен танысты. Сонымен қатар, шаһар басшысы жас шахматшылар ойынын тамашалады. Сондай-ақ, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ҮШ ОҚУШЫ ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТА І ОРЫНДЫ ИЕМДЕНДІ

«Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың ІІІ республикалық зияткерлік конкурсы өз мәресіне жетті. Конкурсқа Шымкент қаласы атынан төрт оқушы қатысқан болатын. Білім сайысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бөлімін іске асыру аясында ұйымдастырылған. Конкурстың республикалық кезеңі осы жылы 3-5 қараша аралығында онлайн форматта www.daryn.kz, www.exam.net және ZOOM платформалары арқылы өткізілді. Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Пайзахматов Илхом, Мұратбек Медет, Мықтыбек Бексұлтан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МҰҒАЛІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНДА 30 ҰСТАЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Шымкент қаласында мұғалімдер олимпиадасы өз мәресіне жетті. Осы жылы 28 қазан мен 4 қараша аралығында өткен білім бәйгесіне 1185 ұстаз бақ сынасып, білім саласындағы күрделі тапсырмаларды орындады. Олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, өзбек тілі мен әдебиеті, өзге тілде білім алатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті, информатика және жаратылыстану пәндерінің ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: №105 МЕКТЕП АУЛАСЫ КӨГАЛДАНДЫРЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мыңға жуық отбасы қоныстанған Бадам-1 тұрғын алабына барды. Бүгінгі таңда аталған тұрғын алаптың басты мәселесі — №105 жалпы орта мектебінің ескі ғимараты болып тұр. Ата-аналардың алаңдаушылығын назарға алған қала әкімі апатты ғимараттың жағдайымен танысып қайтты. 2015 жылы №105 орта мектептің жанынан 300 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілген. Онда қазір 900-дей оқушы білім алады. Мектеп ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «WORLDSKILLS SHYMKENT — 2020» ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте «WorldSkills Shymkent-2020» қалалық чемпионаты бастау алды. Онлайн өткен ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева және білім ордаларының директорлары қатысты. Шымкент қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру мақсатында «WorldSkills Kazahstan-2020» ұлттық чемпионатының аймақтық кезеңі 26-29 қазан аралығында өтеді. «WorldSkills Shymkent-2020» ұлттық чемпионатының аймақтық кезеңіне 30 құзыреттілік ...

Читать далее »

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗ ОРТАДА БІЛІМ АЛУЫ – БАСТЫ МІНДЕТ

Шымкент қаласындағы Құрсай шағын ауданында жаңа білім ошағының құрылысы жүруде. Мектеп 0,60 гектар аумақты алып жатыр. 600 орынға лайықталған білім ордасын жеке кәсіпкер өз есебінен жүргізуде. Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай мектепке ғұламаның есімі берілмек. Шымкент қаласының әкімі аталған жаңа мектептің құрылыс барысымен танысты. «Балалардың қауіпсіз ортада білім алуы – басты міндетіміз. Бәсекелестікке төтеп берер ұрпақты өсіргіміз келсе олардың ...

Читать далее »