Архив меток: Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ ТҰҒЫРНАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

БІЗДІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ – АДАМ Бүгін Шымкент қалалық Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясында «AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасы таныстырылды. «Халық үніне құлақ асатын партия» форматы негізге алынған тұғырнамамен алғашқы болып партияның Еңбекші аудандық филиалына қарасты «Жәрдем» Бастауыш партия ұйымының мүшелері танысты. Ақ халатты абзал жандар жиында саяси құжат қамтыған мәселелерді талқылап, пікір алмасты. Бұл тұғырнаманың ерекшелігі сол: құжат әзірлеу және ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысының жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасты. Жергілікті жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Президент Шымкентті еліміздегі табиғаты да, тұрғындарының ықылас-пейілі де ерекше ыстық жердің бірі ретінде атап өтті. – Қазақ руханиятында Шымкент шаһарының орны бөлек. Бұл – ұлт дәстүрінің берекелі бесігіне айналған қала. Сондай-ақ қазақы қасиет пен ыстық ықыластың символы. Бұл – үздік мәдениет пен ұлттық этикеттің тоғысқан жері. Ұлыларды ардақтау, ...

Читать далее »

«ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «ЖЕР АМАНАТЫ» комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысты «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары, комиссия төрағасы М.Қалмұратов жүргізіп отырды. Алдымен жиында қалалық Жер ресурстары, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшыларының баяндамасы тыңдалды. Жалпы, қаланың жалпы жер көлемі 116,3 гектар болса, оның ауыл шаруашылығына жарамды жерлері 61,7 мың га құрайды. Оның ішінде: егістік жерлер ...

Читать далее »

ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ БАТЫС БӨЛІГІН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСУДА

Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағын ауданының Батыс бөлігінде 2 071 үй орналасқан. Инфрақұрылыммен қамту мәселесі өзекті. Қазіргі таңда газ, су, жол, жарықтың жырын шешу үшін құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шым шаһар басшысы М.Әйтенов аталған елді мекенге барып, нысандар құрылыс сапасын тексерді, тұрғындарымен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдады. Айтып өтейік, аумақты электр қуатымен қамту мақсатында мердігер «Туран Энерго групп» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЕСКІ ҚАЛАШЫҚ АУМАҒЫНДА SHYMQALA ЭТНОАУЫЛЫ АШЫЛДЫ

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде үшінші мегаполисте «ShymQala» этноауылы ашылды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы аясындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиналған көпшілік алдымен Тәуелсіздік саябағында көшеттер екті. Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы құрметіне 70 көшет отырғызылды. Бұдан кейін көпшілік этноауылдың ашылуына қатысты. Әкім ...

Читать далее »

ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАЛҒЫЗ «ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР» ОРТАЛЫҒЫ — ШЫМКЕНТТЕ

Еліміздегі жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы Шымкент қаласында орналасқан. Дәстүрімізді дәріптеп, киелі құт орынға айналған бұл орталық 2014 жылы ел игілігіне берілген. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаға жасаған іссапары кезінде ашылуына арнайы қатысқан. Бұл мекеме республиканың өзге өңірлері мен облыстарында жоқ бірегей, ұлттың ұлт екендігін танытатын, оның өткені мен бүгінін сабақтастыратын орталық болып табылады. Мұнда салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 100 ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА БАЗАРЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйытқы болуымен «Балаларға базарлық» акциясы өтті. Игі шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жылдығы қарсаңында «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қолға алынып отыр. Акцияда қаладағы 4 ауданның 100 отбасы балаларына кітаптар мен жеміс-жидек себеті үлестірілді. Қайырымдылыққа Шымкент қалалық Мәслихатының депутаттары, кәсіпкер, көпбалалы аналар демеушілік көрсетті. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ ТЕГІН ЕМ ЖҮРГІЗЕДІ

Шымкент қаласындағы психикалық денсаулық орталығына қарасты аутизмі бар балаларды емдеуге арналған орталық ресми түрде ашылды. Аталған орталық өткен жылдың қыркүйек айында пилоттық жоба ретінде ашылған. Осы уақыт аралығында 62 бала ем қабылдап, оң нәтиже көрсеткен. Осыған дейін аутизмі бар балалар ақылы түрде ем алып келген болса, енді орталық оларға тегін қызмет көрсетеді. Шымкентте мұндай 200-ден аса ерекше бала тіркеуде тұр. ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТ – ЖАСЫЛ ҚАЛА» ШАРАСЫ ӨТТІ

Шымкентте «Жасыл қала» ағаш отырғызу іс-шарасы өтті. Игі шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, сонымен бірге бірқатар зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Аталған іс-шараны ұйымдастырушы әрі демеушілік көрсетуші – «Мейірім шуағы» қоғамдық қоры болды. 1000 түп ағаш Шымсити шағын ауданында егілді. «Мейірім шуағы» қоғамдық қорының жетекшісі Асқар Молдабек: «Жүз жылдығын ойлаған ағаш егеді деген. Іс-шараның өтуіне ат салысып жатқан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚАНДАСТАРҒА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛАДЫ

Шымкентке көшіп келген қандастар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында» алты ай бойы тұрады. Осы уақыт аралығында орталықта қандастардың елге бейімделуі үшін бірнеше қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда ата жұртын аңсап келген ағайынға алдымен қазақы салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық құндылықтарымыз насихатталады. Қызметкерлер түп-тамырымызды тануға мүмкіндік беретін түрлі әдет-ғұрыптарды дәріптеп, түрлі ұлттық ас мәзірін, қазақы тұрмыс-тіршілікті ...

Читать далее »