Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысымен танысты. Құрылыс жобасы инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке инвестордың («СКАТ» авиакомпаниясы) өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. «СКАТ» авиакомпаниясының президенті Владимир Денисов жаңа терминалдың өндірістік қуаты, транзиттік жолаушыларды тарту жоспарлары туралы, ...
Читать далее »Архив меток: Шымкент инфрақұрылым
ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНЕ LED ЖАРЫҚШАМДАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Шымкентте 50 мыңға жуық түнгі жарықтандыру шамдары бар. Оларға тозуының алдын алу мақсатында үнемі күтім жасалынып тұрады. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта құру және күтіп ұстау жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жобада жарықшамдарды энергия үнемдейтін LED шамдарына ауыстыру, сыртқы жарықтандыру желілерінің тозуын төмендету қарастырылған. Қазіргі таңда бұған қатысты конкурс өткізу жұмыстары қолға алынған. Одан бөлек, ...
Читать далее »АҚТАС-2 САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ
Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдау кезінде айтты. Қала басшысының онлайн қабылдауында болған Ақпан Жұмаділлә — Ақтас-2 шағын ауданындағы инфрақұрылым және интернет мәселесін сөз қылды. «Ақтас-2 шағын ауданына ауыз су, табиғи газ берілуі бойынша аудан әкімдігіне өтініш берілген. Алайда әлі күнге дейін мәселеміз шешілмей келеді және жаңа оқу жылына қарай интернет жайы да ...
Читать далее »