Архив меток: Шымкент әкімі

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ардагерлермен өткен кездесуде осы жылғы атқарылған жұмыстарды саралады. Басқосуда аға буын өкілдері қаланың гүлденуі мен ары қарай дамуы үшін әрқашан кеңесуге дайын екенін жеткізді. –Індетке байланысты өздеріңізбен ұзақ уақыт жүздесе алмадық. Алайда жаңа жыл қарсаңында шақыртуымызды қабыл алғандарыңыз үшін рақметімді жеткізгім келеді. Қаланы гүлдендіру жолында сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен ой-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Алдағы жылы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жыл басынан бері 21 рет азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, оған 297 азамат қатысты. Жеке қабылдау қорытындысымен 228 азаматқа түсіндірме жауап берілсе, 69-дың мәселесі шешілген. Айта өту керек, пандемия әсерінен бұл жылы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеке қабылдаулар саны кеміген. Ал қала әкімінің орынбасарлары 47 рет жеке қабылдау өткізіп, оған 206 азамат қатысқан. Оның ішінде ...

Читать далее »

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XL КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Конференцияда «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық сайлауалды бағдарламасы ұсынылды. Бағдарламада Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ел экономикасын дамыту және пандемия салдарын жеңілдету арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын, тұрмыс – тіршілігін жақсартуға бағытталған тапсырмалары мен қаланың даму бағдарламасы негізінде жасалынып отыр. Сонымен қатар, праймеризде тұрғындардан келіп түскен 685 ұсыныстардың 98 пайызы орындалып, ал, 15 ұсыныс сайлауалды бағдарламаға қосымша ...

Читать далее »

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ 31 ДАНА ӨРТ СӨНДІРУ ТЕХНИКАСЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында ҚР Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына арналған көліктердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Онда құтқарушыларға кәсіби мерекелері қарсаңында 31 дана заманауи арнайы өрт сөндіру техникасы берілді. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Беларусь Республикасының «Пожснаб» ЖШҚ директоры Олег Дерябин, қалалық мәслихат депутаттары мен Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы қатысты. Іс-шарада ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 86 ПАЙЫЗЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Шымкент қаласында салаларды цифрландыру мен мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар жасалынуда. Атап айтқанда, биыл сегіз ай ішінде Шымкент қаласы әкімдігіне келіп түскен 2, 5 миллион қызметтің 2 миллион 200 мыңы немесе 86,1 проценті электронды түрде көрсетілген. Яғни былтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметті электронды түрде алған азаматтардың саны 700 мыңға өскен. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласының әкімі ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ КӨРНЕКТІ ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұтты қабылдады. Шаһар басшысы қаламгерді 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ұлт әдебиеті мен мәдениетін дамыту, қоғамдық саныны кемелдендіру, жас ұрпақтың бойына ізгілік пен отаншылдық сезімін сіңіру жолындағы еселі еңбегі үшін алғыс айтты. —Сіз туған өлкеңізден алшақтамай-ақ оңтүстік өңірде өзіндік әдеби орта қалыптастырдыңыз. Қоғамдық істерге белсене араласа ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкіміне сәйкес қала әкімінің орынбасары болып Айманбетов Маулен Зарлықұлы тағайындалды. Маулен Зарлықұлы 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы бойынша инженер-автомобиль жолдарының құрылысшысы, агроном, экономист және іскерлік әкімшілендіру магистрі. Қызметтік жолын 1990 жылы «Алматы қала құрылысы» тресінің 2-ші құрылыс-монтаждау басқармасының шебері болудан бастаған. Кейіннен аталған басқарманың прорабы, ...

Читать далее »

ӘКІМНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНА КЕЛГЕН АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті онлайн қабылдауы өтті. Онда сегіз қала тұрғыны өз сауалдары мен өтініштерін жеткізді. Қашықтан болған кездесуде қала тұрғыны А.Затыбекова бастауыш сынып мұғалімі екенін айтып, жұмысқа тұруына көмек көрсетуін сұраса, Жайлау шағын ауданының тұрғыны Қ.Төнтекова Баққараев көшесіне асфальт төсеу мәселесін көтерді. Сонымен қатар, Қаратау ауданының тұрғыны Е.Жүнісов Қайнар-бұлақ тұрғын алабын ауыз су ...

Читать далее »

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАРТИЯІШІЛІК ІРІКТЕУІН БАСТАДЫ

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Елімізде Nur Otan партиясының партияішілік іріктеу бәсекесі басталды. Қазақстанның партиялық-саяси даму тарихында праймериз алғаш рет өткізілуде. Праймериздің мақсаты – Парламент Мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау. Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӘКІМ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫН ТЫҢДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады. Әр аптаның жұма күндері өтетін онлайн қабылдауда қала тұрғындары аулаларды абаттандыру, кәсіпкерлікті қолдау мәселесі мен көшеге атау беру, тарихи тұлғаларға ескерткіш орнату және білім салаларына қатысты сұрақтарын жолдады. Қала әкімі барша азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, бірінші көтерілген абаттандыру бойынша жұмыстар рет-ретімен шешімін табатынын жеткізді. Сонымен қатар биылғы ...

Читать далее »