Архив меток: баспана

«АЙНА» БАЗАРЫНДА ЖАСТАРҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

«Жастарға кеңес» консалтинг орталығы «Айна» базарында жастарға түсіндірме жұмыстарын жалғастырды. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының жастар қанаты «Жастарға кеңес» жобасын іске қосқаны белгілі. Жоба аясында мобильді кеңес беру пункттері базарларда, сауда үйлерінде, ауылдар мен моноқалаларда тұрақты негізде жұмыс істейуде. Бұл жолы көшпелі кеңес Еңбекші ауданына қарасты «Айна» базарында өтті. Консалтинг орталығына келген базарға келуші жастар баспана алу немесе психологиялық көмек, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН 6497 АДАМ БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН

Шымкент қаласында 2019 жылдың желтоқсан айынан бері тұрғын үй кезегіне тіркеу автоматтандырылған жүйеде жүзеге асып келеді. Нәтижесінде тіркеуде тұрған азаматтар жөнінде ақпарат жүйесінің базасы қалыптасты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада тұрғын үй кезегіне жалпы 42 094 азамат тіркелген. Оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, «Алтын» және «Күміс» алқа иелері, «Батыр ана» наградасы иелері, әлеуметтік әлсіз топтар мен өзге ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ СӘУЛЕТ-ЖОСПАРЛАУ ТАПСЫРМАСЫН БЕРУ (АПЗ) ҚЫЗМЕТІ 3 КҮНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Шымкент қаласында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ең әлеуметтік маңызы бар жер, сәулет және қала құрылысы, білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы негізгі сұранысқа ие қызметтер бұл жылы электронды форматқа көшірілді. Атап айтқанда, жер, сәулет және қала құрылысы салалары бойынша барлығы 19 мемлекеттік көрсетілетін қызмет болса, бүгінгі таңда бұл саладағы қызметтердің барлығы автоматтандырылды. Биыл Шымкент қаласы әкімдігімен «Сәулет басқармасының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ТӘРТІПТЕ 354 ПЕДАГОГ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиеваның білім саласында атқарған жұмысы жөнінде есебін тыңдады. А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында өткен есепті жиыннан алдын қала әкімі қаладағы мектеп басшыларымен кездесіп, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Жанат Арысбекқызы қала әкіміне жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Басқарма басшысының сөзінше биыл педагогтарды жұмысқа қабылдауда іріктеу тәртібі автоматтырылған жүйеде жүзеге ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жыл басынан бері 21 рет азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, оған 297 азамат қатысты. Жеке қабылдау қорытындысымен 228 азаматқа түсіндірме жауап берілсе, 69-дың мәселесі шешілген. Айта өту керек, пандемия әсерінен бұл жылы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеке қабылдаулар саны кеміген. Ал қала әкімінің орынбасарлары 47 рет жеке қабылдау өткізіп, оған 206 азамат қатысқан. Оның ішінде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «ЖАСТАР» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒЫТЫМЕН БАСПАНА АЛУҒА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА БАСТАЛАДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов мәлімдеді. – Биылғы Жолдаудың 4-тармағы баспана мәселесіне тікелей байланысты. Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекте тұрған адамдардың баспана мәселесін тезірек шешу керек екенін баса айтты. Осы мақсатта тиісті жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағыты. Бұл ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 101 АЗАМАТҚА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25», «2-10-20» және «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» тұрғын үй бағыттарын автоматтандыру мақсатында «Шымкент-Баспана» ақпараттық жүйесінің жұмысы қалыптастырылды. Бұл жөнінде Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ басқарма басшысы кредиттік тұрғын үй бағыттарының орындалу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 9 АЙДА 20 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент – құрылысы қайнаған алып шаһар. Үшінші мегаполисте биыл 9 айда құрылыс саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жылы 154 нысанның құрылысы жоспарланған. Салада негізінен көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына басымдық берілуде. Атап айтқанда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджет есебінен 92 үйдің құрылысы іске асырылуда. 9 айда 20 үй пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде: Әкімшілік-іскерлік орталығында 528 пәтерлік 8 тұрғын үй, «Шымкент ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАУЫРЖАН БАЙБЕК КЕЛДІ

Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келді. Ол қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге Абай ауданындағы М. Водопьянов көшесіндегі құрылысы аяқталған тұрғын үйдің ашылу рәсіміне қатысты. Бүгінде ондағы тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Себебі Водопьянов көшесі №1 «А» көп пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Бір жыл алдын өртке оранған үйдегі 42 отбасы жаңа баспананың кілтін алады. ...

Читать далее »

АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН 345 ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН

Шымкент қаласында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 911 бала есепке алынған. Қорғаншылық және қамқоршылықта – 712 бала бар. Бүгінде оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдан бастап тұрғын үйдің кезегінде тұрған 29 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 345 балаға кезек бойынша баспана берілген. Сондай-ақ, 2019-2020 оқу жылында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 69 бала 11-сыныпты бітірген. Оның ...

Читать далее »