Архив меток: бұқаралық спорт

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортқа ерекше назар аударылады. Осы жылы 115 замануи спорт алаңы салынса, «Металлург» стадионы мен 12-ші балалар мен жасөсіпірмдер спорт-мектебінің спорт кешендерінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов халық алдында берген жылдық есебінде баяндады. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты есепті кездесу онлайн форматта ұйымдастырылды. – Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ ЖАСАЛАДЫ

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытудың концепциясы жасалатын болды. Бүгінгі таңда статистикалық есеп бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294 мың адамға жеткен. Бұл барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 27,8% екенін көрсетеді. Жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 30%-ға жеткізу көзделуде. ...

Читать далее »

ТЕННИС КОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ұлттық теннис орталығындағы теннис корты қайта жөнделуде. Бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Демонтаж және аллея автосуғарғышын орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, инженерлік жүйелер жүргізу 70 %-ға орындалған. Нысандағы жұмыстар қараша айында аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде мұнда қосымша жаңадан 4 корт, көрермендер үшін шатырымен трибуна, сквер және келушілерге арналған автотұрақ болады. Сонымен қатар, құрылыс басқармасының ...

Читать далее »

СПОРТ БАСҚАРМАСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан футбол федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қалалық спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов пен ҚФФ бұқаралық, балалар мен жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев қалада спорттың осы түрін дамыту бойынша бірлесе әрекет ету туралы келісімге келді. Меморандум аясында тараптар жастар, студенттер, мектеп оқушылары, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АШЫҚ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында тұрғынүй аулаларындағы спорт алаңшалары пайдалануға беріліп, тұрғындардың спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік туып отыр. Атап айтқанда, Нұрсәт, Тұран шағынаудандары, Достық пен Қайнарбұлақ тұрғын алаптары және Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан 10 ашық спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарын «АлемСтрой-1» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, спорт алаңшаларына 50 орындық пен 50 қоқыс ...

Читать далее »