Шымкент қаласының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін пайдалануға алды. Бұған дейін қалаға өкпені жасанды желдету аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын. Атап айтқанда, қалаға 10 оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр және бір өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ) жеткізілді. Сондай-ақ, Shevrolet Damas маркалы 3 жедел жәрдем көлігі келді. Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ...
Читать далее »Архив меток: жұқпалы аурулар ауруханасы
ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ
Бүгінде Шымкентте covid-19 жұқтырғандардың репродуктивтілігі — 0,62% құрайды. Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып саналады. Бұл жайлы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Оның айтуынша, ковидпен күресте сүйенетін ең маңызды көрсеткіш – Rt санының репродуктивтілігі. Мұнда R – вирус жұқтырған адамның басқа адамдармен байланыс саны. Көрсеткіш 1 пайыздан көп болса, вирус таралуы жоғары деңгейде, ол ...
Читать далее »ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАҢА АППАРАТПЕН ТОЛЫҚТЫ
Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты. Емдеу мекемесіне “Sauap” белсенділер тобының атынан оттегі концентраты және пульсоксиметр құрылғысы берілді. Науқастарды емдеуде мүмкіндігі зор бұл құрылғы жұмысты жеңілдетеді дейді мамандар. Ал қала әкімі Мұрат Әйтенов өз кезегінде жомарттық танытқан белсенділер тобына алғыс айтты. Ауруханаға жеткізілген жабдықтар пандемия аяқталғаннан кейін де кәдеге жарайды. Мамандар бұл аппараттарды жай-күйі ауыр пациенттерді емдеудің барлық кезеңінде ...
Читать далее »ҚР ПРЕЗИДЕНТІНЕ ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖАЙЫНДА БАЯНДАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын баяндады. Қала әкімі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу, сондай-ақ карантин режимін қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. «Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Өткен тәулікте 54 вирус жұқтырғандар тіркеліп, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША МӘЛІМДЕДІ
Дәл бүгінгі жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған 3 596 азамат тіркеліп, 2097 науқас емделіп шықты. Бұл туралы эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов хабарлады. — Ағымдағы жылдың 1 маусымында 867 коронавирус жұқтырған азамат тіркелсе, ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан 7-ші шілде аралығында 2729 жағдай тіркелді. Яғни, науқастар саны күрт артты,-деп мәлімдеді Мұрат Әйтенов. Ағымдағы жылдың ...
Читать далее »ҚАЛАЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА ПРОВИЗОРЛЫҚ БӨЛІМ КЕҢЕЙТІЛДІ
Шымкент қаласында қалалық кардиологиялық орталығында жүрек ауруымен бірге COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу мақсатында жұқпалы аурулар емханасы ретінде жұмыс жасап жатқан провизорлық бөлімде қосымша 30 төсек орын қарастырылған. Орталықтан ашылған арнайы бөлімде коронавируспен ауырған науқастардың денсаулығын жақсарту үшін үздіксіз оттегі берілетін 9 механикалық желдету аппараты қолданылады. Сонымен қатар, барлық қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Провизорлық бөлімге алғашқы күннен бастап 20-ға жуық ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаев, қалалық Жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова және жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин қатысты. Брифингте ең алғаш сөз алған қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қаладағы эпидемиологиялық жағдай және оны қалыпқа келтіру барысындағы жұмыстар жөнінде айтты. ...
Читать далее »КОРОНАВИРУСТЫҢ СИМПТОМСЫЗ ТҮРІН ЖҰҚТЫРҒАН ПАЦИЕНТТЕРГЕ ЖАДЫНАМА
2020 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 490 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлайды. Оның ішінде Шымкент қаласының көрсеткіші – 70. Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар Қазақстанда — 4892. Коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталған науқас амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға алынып, үйінде (үй карантині) оқшауланады. Осы ретте назарларыңызға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған коронавирус инфекциясының ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, коронавирустық инфекцияны төмендету бойынша шараларды күшейту үшін Шымкентте модульді жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Жаңа орталықтың ашылуына еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы келді. Бір қабатты ғимарат 200 төсек-орынға арналған, модульді үлгі бойынша салынды. Госпиталь қаладағы «Ақжайық» шағынауданында бой көтерді. Орталық қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы болып табылады. Мұнда коронавирустық инфекцияға күдікті деген барлық пациенттерді ...
Читать далее »МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ҚОНАҚҮЙГЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеп жүрген медицина мамандарына қонақүйден орын берілді. Бұл — қауіпті ошақта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынған қадамдар. Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жатқан 100-ден астам қызметкерге орын дайындалған. Мұнда медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамағы беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады. Айта кетейік, ...
Читать далее »