Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шараларды әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай, карантин енгізілген өңірлерде халықтың жекелеген санаттарының коммуналдық шығыны үшін тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 15 мың теңгеден аударылмақ. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, қалада коммуналдық шығыны үшін аталған қаржыны алатын 200 мыңға жуық абонент бар. ...
Читать далее »