Архив меток: ораза

МЕШІТТЕР АШЫЛАДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша бас имамы Бақдәулет Абдрахманов және бас имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміровтың қатысуымен онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында төтенше жағдай мерзімі аяқталғаннан кейін қала мешіттерінде атқарылатын шаралар мен Қасиетті Қадір кеші мен Айт мерекесін өткізу туралы, сондай-ақ құлшылық үйіне келуші азаматтарға қойылатын талаптар жайында жан-жақты ақпарат берілді. — Елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталып, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БІР КҮНДЕ 63 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Шымкентке қырыққабат әкелген Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына бір күнде 63 тонна қырыққабатты тегін үлестірді. Қасиетті Рамазан айында қала әкімінің бастамасымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға шағын тарту жасаған диқандар: – Біздің көздегеніміз – мұқтаж жандарға көмек беру арқылы сауап жинау, індет тараған тұста қаладағы ағайынға аз да болса қуаныш сыйлау, деді. Өз кезегінде ерте пісетін бақша өніміне қол ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕР 500 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ

Шымкенттік кәсіпкер ауызашар орнына тұрғындарға азық-түлік жиынтығын үлестірді. Осылайша, кәсіпкер ауызашарды ерекше форматта ұйымдастырды. «Raimbek & company» ЖШС-нің директоры Бауыржан Анарбеков дәстүрлі ауызашардың орнына коронавирустың кесірінен қиын жағдайға тап болған 500 отбасына азық-түлік пакеттерін үлестірді. «Биыл ораза айы қиын уақытқа түсті. Мен Елбасының үндеуі мен қала әкімінің үндеуіне қолдау көрсетіп, бүгінде мұқтаж жандарға көмектесуді жөн көрдім. Дәстүр бойынша, ораза кезінде ...

Читать далее »

«РАМАЗАН СЫЙЛЫҒЫ» ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен қолға алынған «Жүрек жылуы» атты игі шара жүзеге асырылды. Игі шарада жаңадан тағайындалған Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдурахманов қатысып, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Өздеріңізге белгілі, әлемге дүрбелең салған «Сovid-2019» жұқпалы індетіне байланысты төтенше жағдайдың талаптарына сәйкес барлық мешіттер уақытша жабық тұр. Осы ретте мешіт имамдарының айлық жалақылары, әлеуметтік ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды. Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни ...

Читать далее »