Архив меток: пневмония

БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА ӨКПЕНІ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ықпалымен өкпе желдету аппараты орнатылды. Жаңа қондырғыны Дүниежүзілік Банк өз есебінен гуманитарлы көмек ретінде жеткізіп берген. «HAMILTON -G5» жасанды өкпені желдету аппаратын дәрігерлер жансақтау бөліміндегі науқастарды емдеу үшін қолданбақ. Қазіргі талаптарға сай заманауи аппарат ауыр респираторлық ауытқуы бар науқастарды емдеуде таптырмайтын құрал-жабдық болып есептеледі дейді мамандар. Айта кетейік, қаладағы медициналық ұйымдарда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КАВАСАКИ АУРУЫ БАР БАЛАЛАР ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Шымкентте Кавасаки ауруы бар балалар тіркелген жоқ. Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Шымкентте екі, алты және жеті жастағы балаларда мультисистемалық қабыну синдромының 3 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта олардың екеуі ауруынан айығып үйіне шығарылды. Бір бала стационарлық ем алуда. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты, орташа ауыр деп бағалайды. Балалар мен жасөспірімдерде Covid-19-бен уақытша байланысты ...

Читать далее »

100 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙ ТУҒАН КҮНІНДЕ ПНЕВМОНИЯДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Қызтай Дүйсебекова жүзінші күзін жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлермен бірге қарсы алды. Екі ғасырдың куәсі болған қарт кісіні медицина мамандары 100 жасқа толған күнінде ауруханадан шығарып салды. Қызтай әжей 7 қыркүйек күні Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына ауыр халде жедел жәрдем көлігімен жеткізілген еді. Дәрігерлер науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясын жасап, әжейдің өкпе тінінің 55% зақымдалғаны анықталды. Бұған қоса қарт кісіні асқазанындағы ...

Читать далее »

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында COVID-19 және вирустық пневмонияның ықтимал өршуіне медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу-жаттығу өтті. Ондағы мақсат — қаланың барлық медициналық ұйымдарын коронавирустық инфекциямен күреске дайындығын барынша пысықтау. Іс-шараға инфекциялық және провизорлық стационарлармен қатар меншік нысанына қарамастан барлық БСМК (бастапқы медициналық санитарлық көмек) ұйымдары қатысты. Оқу-жаттығу жұмыстарына 36 БМСК ұйым, 9 диагностикалық орталық, 7 ПТР зертханасы жұмылдырылды. Онда науқастың шақыртуының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ

Бүгінде Шымкентте covid-19 жұқтырғандардың репродуктивтілігі — 0,62% құрайды. Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып саналады. Бұл жайлы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Оның айтуынша, ковидпен күресте сүйенетін ең маңызды көрсеткіш – Rt санының репродуктивтілігі. Мұнда R – вирус жұқтырған адамның басқа адамдармен байланыс саны. Көрсеткіш 1 пайыздан көп болса, вирус таралуы жоғары деңгейде, ол ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚОС ӨКПЕСІ ҚАБЫНҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ЖАЗЫЛЫП КЕЛЕДІ

31 жастағы Гүлжауһар Кунжубаева өкпесінің 80 пайызы қабынып, ауыр халде Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына түскен. Дәрігерлер жүкті келіншекті бірден жансақтау бөліміне жатқызады. Қандағы оттегі мөлшері тым аз болғандықтан, 15 күн бойы өкпені желдету аппаратымен тыныс алған. Осы уақыт ішінде жансақтау бөліміндегі мамандар шаранасы бар әйелдің саулығы үшін күресіп, оң нәтижеге қол жеткізді. Жүкті әйелдің денсаулығы он алтыншы күні денсаулығы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 3357 НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында қаладағы эпидемиялық жағдай бойынша Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Оның айтуынша өткен тәулікте 43 науқас дертінен айыққан. «5 тамыздағы эпидахуал бойынша — 5025 covid-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2572 симптомдық, 2453 симптомсыз. Өткен тәулікте вирус жұқтырғандар – 14. Қазіргі таңда індеттен емделіп шыққан науқастардың саны – 3357. 1629 науқас ...

Читать далее »

ШЫҢҒЫС МҰҚАН: «НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАСАҚ, ІНДЕТТІ ҚАЙТА ӨРШІТІП АЛУЫМЫЗ МҮМКІН»

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев және Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзиловтың қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, сөз тізгінін алған Шыңғыс Жұмабекұлы қаладағы қалыпқа түсе бастаған эпидемиологиялық ахуалды тұрақты жағдайда ұстау үшін жоспарлары жөнінде сөз қозғады. – ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ УАҚЫТША ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

Шымкент қаласында инфекциялық ауруға шалдыққан науқастардың азаюына байланысты үш провизорлық станционардағы төсек орындар уақытша жабылды. Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпид ахуал жөнінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Дәулет Шорабаев мәлімдеді. «Қазіргі уақытта провизорлық стационарларды кезең-кезеңмен консервациялау басталды. Ең алдымен консервациялау жұмыстарын оқу орындары базасында ашылған провизорлық стационарлардан бастадық. Бүгінгі күні политехникалық колледжде ашылған стационарда -250 орын, 52 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Оның айтуынша, дертінен сауыққандардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар. «Шымкент қаласында 2020 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустың 4839 жағдайы тіркелді. Оның 2364-і симптомсыз болып анықталған. Бүгінде инфекциядан жазылып шыққан науқастардың саны 3006-ға жетіп отыр. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға ...

Читать далее »