Архив меток: рәміздер күні

РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР КӨК ТУМЕН КӨМКЕРІЛДІ

Бүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай, еріктілердің ұйытқы болуымен Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне Мемлекеттік Ту ілінді. «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары бұл игі іске өз үлестерін қосып, қолдау білдірді. Осылайша, бұл шара арқылы қала тұрғындары өздерінің рәміздерге деген шексіз құрметін байқатты. Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы ...

Читать далее »

«ЖЕЛБІРЕ, МЕНІҢ ЖАЛАУЫМ!» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ

Шымкентте мемлекеттік рәміздер күніне орай «Желбіре менің жалауым!» атты патриоттық акция өтті. Тәуелсіздік саябағындағы «Мемлекеттік рәміздер» алаңынан бастау алған акцияны Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі ұйымдастырды. Жастар акцияда көк байрағымызды көкке желбіретіп, ҚР Мемлекеттік Әнұранын шырқады. Сондай-ақ, тұрғындар арасында ТУ, Елтаңба, Әнұран жайында сауалнамалар жүргізіп, жалаушалар таратты. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үндеп, өскелең ұрпаққа толымды ...

Читать далее »