Шымкент қаласының әкімдігі карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты жергілікті бюджетті оңтайландыру нәтижесінде 11,2 млрд. теңге болатын қаржыны үнемдеді. Қала мәслихатының кезектен тыс алпыс сегізінші сессиясында депутаттар бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған бюджет қаржысын бірауыздан бекітті. Үнемделген қаражаттың басым бөлігі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатынын айтқан қала әкімі Мұрат Әйтенов ұсынысты қабылдағаны үшін халық қалаулыларына алғысын білдірді. ...
Читать далее »