Архив меток: қауіпсіздік

ƏСКЕРИ АВИАЦИЯ ҰШҚЫШТАРЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Ел ішінде əр түрлі алып-қашпа əңгіме жүр. Əуе кеңістігінде тікұшақтар жерге жақын ұшса, «вирус сеуіп жүр» деп қауіптенуде. Бірақ бұл қисынға келмейтін жалған ақпарат екенін айтқымыз келеді. Қалада түнгі уақытта да, күндізгі уақытта да аптасына үш рет өткізілетін тұрақты ұшулар бұл — Шымкент авиациялық базасының әскери авиациясы ұшқыштарының оқу-жаттығуы. Яғни, əскери авиация топтық ұшуларды пысықтауға кірісті. Пысықтау барысында пилотаждық аймақтардағы ...

Читать далее »

«БЕКЖАН» БАЗАРЫ ӨРТКЕ ОРАНДЫ

9 маусымы сағат 15:13 шамасында Темірлан тас жолындағы «Бекжан» базарының алдында автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектері жанып жатқаны белгілі болды. Мамандардың хабарлауынша, өртті сөндіруге ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 дана арнайы техникасы жұмылдырылған. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Аталған оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат 15:43 шамасында сөндірілген. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда.

Читать далее »

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ АЛДЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ӨТКЕЛДЕР ОРНАТЫЛУДА

Шымкентте медициналық ұйымдардың алдында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу үшін дезинфекциялық өткелдер орнатылуда. Енді емханадағы, ауруханадағы, жедел жәрдем станциясындағы медициналық қызметкерлерден бастап, келушілердің барлығы арнайы дезинфекциялық өткелден өтіп, дене температурасы өлшенеді. Мұнан соң қолдарын арнайы дезинфекциялық ерітінділермен өңделгеннен кейін медициналық ұйымға кіреді. Бұл жұмыстар емханаға келуші әрбір пациент пен қызметкердің қауіпсіздігі және денсаулық жағдайларына тұрақты бақылау үшін қолға алынған.

Читать далее »