Авторские архивы: admin

ШЫМКЕНТ: ЕСКІ ҚАЛАШЫҚ АУМАҒЫНДА SHYMQALA ЭТНОАУЫЛЫ АШЫЛДЫ

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде үшінші мегаполисте «ShymQala» этноауылы ашылды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы аясындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиналған көпшілік алдымен Тәуелсіздік саябағында көшеттер екті. Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы құрметіне 70 көшет отырғызылды. Бұдан кейін көпшілік этноауылдың ашылуына қатысты. Әкім ...

Читать далее »

ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАЛҒЫЗ «ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР» ОРТАЛЫҒЫ — ШЫМКЕНТТЕ

Еліміздегі жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы Шымкент қаласында орналасқан. Дәстүрімізді дәріптеп, киелі құт орынға айналған бұл орталық 2014 жылы ел игілігіне берілген. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаға жасаған іссапары кезінде ашылуына арнайы қатысқан. Бұл мекеме республиканың өзге өңірлері мен облыстарында жоқ бірегей, ұлттың ұлт екендігін танытатын, оның өткені мен бүгінін сабақтастыратын орталық болып табылады. Мұнда салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және ...

Читать далее »

КІТАП ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРАДЫ

Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні аясында Шымкенттік химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі дәстүрлі кітап сыйлау акциясын өткізді. Акцияда оқушылар бір-біріне кітап сыйлап, жүрекжарды ак тілектерін арнады. Биылғы акцияға тек зияткер оқушылар ғана емес, сонымен қатар Шымкент қаласы № 24 C. Ерубаева атындағы ІТ лицей мектебінің оқушылары да қатысты. Акция ережесі бойынша оқушылар алдын-ала сауалнама толтырып, қалаған кітаптарының атауы мен ...

Читать далее »

САЛТ-ДӘСТҮРДЕ – АҚ ОТАУ

Бүгін «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығында «Салт-дәстүрде – Ақ отау» тақырыбында қазақтың киіз үйін құрудан шеберлік сағаты өтті. Шараның мақсаты: қазақ халқының дүниетанымында заттық, әрі рухани мәдениеттің үздік үлгісі саналатын киіз үйдің тарихын, құрылымын, шаңырақ, уық, кереге, т.б. жабдықтарының мән-мағынасын тарату, бүгінгі өмірдегі қолданысын жастарға насихаттау. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасының аясында өткен шеберлік сағатына қаламыздағы жоғарғы оқу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 100 ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА БАЗАРЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйытқы болуымен «Балаларға базарлық» акциясы өтті. Игі шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жылдығы қарсаңында «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қолға алынып отыр. Акцияда қаладағы 4 ауданның 100 отбасы балаларына кітаптар мен жеміс-жидек себеті үлестірілді. Қайырымдылыққа Шымкент қалалық Мәслихатының депутаттары, кәсіпкер, көпбалалы аналар демеушілік көрсетті. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ ТЕГІН ЕМ ЖҮРГІЗЕДІ

Шымкент қаласындағы психикалық денсаулық орталығына қарасты аутизмі бар балаларды емдеуге арналған орталық ресми түрде ашылды. Аталған орталық өткен жылдың қыркүйек айында пилоттық жоба ретінде ашылған. Осы уақыт аралығында 62 бала ем қабылдап, оң нәтиже көрсеткен. Осыған дейін аутизмі бар балалар ақылы түрде ем алып келген болса, енді орталық оларға тегін қызмет көрсетеді. Шымкентте мұндай 200-ден аса ерекше бала тіркеуде тұр. ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТ – ЖАСЫЛ ҚАЛА» ШАРАСЫ ӨТТІ

Шымкентте «Жасыл қала» ағаш отырғызу іс-шарасы өтті. Игі шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, сонымен бірге бірқатар зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Аталған іс-шараны ұйымдастырушы әрі демеушілік көрсетуші – «Мейірім шуағы» қоғамдық қоры болды. 1000 түп ағаш Шымсити шағын ауданында егілді. «Мейірім шуағы» қоғамдық қорының жетекшісі Асқар Молдабек: «Жүз жылдығын ойлаған ағаш егеді деген. Іс-шараның өтуіне ат салысып жатқан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚАНДАСТАРҒА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛАДЫ

Шымкентке көшіп келген қандастар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында» алты ай бойы тұрады. Осы уақыт аралығында орталықта қандастардың елге бейімделуі үшін бірнеше қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда ата жұртын аңсап келген ағайынға алдымен қазақы салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық құндылықтарымыз насихатталады. Қызметкерлер түп-тамырымызды тануға мүмкіндік беретін түрлі әдет-ғұрыптарды дәріптеп, түрлі ұлттық ас мәзірін, қазақы тұрмыс-тіршілікті ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ«SHYMKENT TOURISM CENTER» ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Ресми ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов орталықта қалаға келген шетелдік қонақтарға көрікті жерлер, мәдени шаралар мен қонақ үйлер туралы «бір терезе» қағидаты бойынша мәлімет беру қызметімен танысты. –Орталықтың басты міндеті туристік мекемелердің басын біріктіріп, туристерге жоғары дәрежеде сервистік қызмет көрсетуге ықпал ету. Қалаға келген қонақтар келесі жылы тағы келу үшін ұсынылатын қызмет түрлерін әрмен қарай дамыту қажет,-деді қала ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «ШЕЖІРЕ КҮНІ» АЯСЫНДА «ТУҒАН ӨЛКЕМ — ЖҰМАҚ МЕКЕН» АТТЫ МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ

Қазақстанда биыл Наурыз мерекесін 10 күн бойы атап өту ұсынылған болатын. Бүгін, яғни, 16 наурыз – Шежіре күні болып белгіленген еді. Осыған орай қаладағы «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК-на қарасты Жаңаталап, Қызылжар, Сайрам, Шапырашты мәдениет үйлерінде «Шежіре күні» аясында «Туған өлкем — жұмақ мекен» атты мәдени шара өтті. Аталған шара өскелең ұрпаққа өз тарихын білуге, ер-азаматты патриотизмге баулуға, ...

Читать далее »